Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұмыт болған ұлттық тағам

Ұмыт болған ұлттық тағам

Қазақтың ұлттық тағамы дегенде ет, бауырсақ, құрт-май, тары-талқан мен көжені айтамыз. Алайда қазақтың ұлттық тағамдары мұнымен шектелмейтіні сөзсіз. Уақыт сырғып, заман жаңарған сайын барлық ұлттың асханасымен етене суши, пицца, лағман сынды тағамдарын жанға жақын тарта бастағанымыз рас. Бірақ өзіміздің ұлттық асымызды ұмыт қалдырмағанымыз жөн.
Қарма – бұл қазақ даласында бұрыннан бар, балық шаруашылығымен айналысатын ру-тайпаларда болады. Әйгілі халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Мекен еттім жапалақтай жар басын, азық қылдым ақ балықтың қармасын» деген өлең жолдары бар. Балық сүйегін, оған аздап балық етін де қосып қазанға қарып қуырады. Келіге салып, ұнтақтайды. Сосын кәдімгі диірменге тартса, одан қызылқоңыр талқан шығады. Қарма деген тағам осылай жасалады. Балық жармасы деп те атайды. Денсаулыққа өте пайдалы тағам деп есептеледі. Балықшы ауылдарда әлі күнге осы тағамды жасайтындар бар. Бірақ көп жерлердегі халық мұны біле бермейді.
Қазақ халқы әу бастан қуаты жоғары, құнарлы тағамдарды жиі пайдаланған. Сондай тағамдардың бірі – үлпершек. Бұл ас түрін бүгінде дайындамақ түгілі атауын да естімейтініміз рас. Оның құрамында түрлі дәрумені бар аса пайдалы тағам. Негізінен, бұл тағамды үйінен ұзатылып кеткен қыз төркіндеп келгенде пісіріп береді. Үлпершек «қайда жүрсең де біздің жүрегіміздесің» деген мағынада жылқы немесе сиырдың жүрегінен жасалады. Жүректі тіліп, қанын тазалайды да, ішіне тұз бен бұрыш себеді. Сосын ұсақталып туралған ет және маймен толтырады да, бір ай бойы ұнға батырып қояды.
Шалжығар деген тағам түрін білесіз бе? Бұл да қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Шалжығар тағамының жасалу жолы мынадай. Жаңа сойылған қойдың етін құйрық, өкпе-бауырымен қоса түгел қарынға тығып, тұз, бұрыш, сарымсақ, пияз қосады да аузы тігілген қарынды шұңқырға от жағып, оның шоғына көмеді де, топырақпен бастырып тастайды. Қарындағы еттің демі шығып тұруы үшін қойдың асық жілігінен түтік жасап, бір басын қарынға тығып, екінші басын пештің мұржасы секілді, топырақтан шығарып қояды.
Мипалау – тағамның аты айтып тұрғандай малдың миынан әзірленеді. Бастың миын алып, оған бауыр, құйрық май, бастың құйқасын әбден араластырады. Бұған қымыз, айран немесе тұзды сүзбе қосып, майлы сорпа құйса мипалаудың дәмі де, маңызы да арта түседі. Семіз ет жеп отырған қонақтарға мипалау жасап ұсыну да қазақша дәм берудің тағы бір жақсы үлгісі. Мипалауды ортаға үлкендеу, терең ыдысқа құйып ішіне бірнеше қасық салып, үлкен кісілерден бастап ауыз тиеді.
Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА
02 тамыз 2022 ж. 719 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 42

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 38

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930