Карантин: Иммунитетті көтеретін ұлттық тағамдар
Карантин режимінде отырған қыз-келіншек, аналарымыз аспаздық машығын дамытып, ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағам түрлерін әзірлеулеріне болады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ТҮРЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Не жесек – солмыз». Тамақ деннің саулығына айтарлықтай ықпал етеді және ол күш-қуаттың көзі. Жеті нотадан жаныңды жадырататын ән туындаса, әртүрлі қоспалардан тағам дайындалады. Тағамның ерекшелігі әртүрлі халықтың аспаздық өнеріне байланысты. Әр елдің визиткалық картасы – мемлекеттік рәміздер ғана емес, сонымен қатар ұлттық тағамдары.
«Не жесек – солмыз». Тамақ деннің саулығына айтарлықтай ықпал етеді және ол күш-қуаттың көзі. Жеті нотадан жаныңды жадырататын ән туындаса, әртүрлі қоспалардан тағам дайындалады. Тағамның ерекшелігі әртүрлі халықтың аспаздық өнеріне байланысты. Әр елдің визиткалық картасы – мемлекеттік рәміздер ғана емес, сонымен қатар ұлттық тағамдары.
Әр ұлттың аспаздыққа қатысты өз ерекшелігі бар. Мысалы, чилиліктер ешбір тағамды қолмен жемейді. Оларда кез келген тағамға арналған ыдыс-аяқ, қолмен ұстайтын құрал бар. Ал қытайлықтар кеспе жеуді ұзақ өмір, мықты денсаулық кепілі деп санайды. Сондықтан олар оны кеспеген күйде жейді. Олар үшін кеспені кесу – өмір жолын қысқартумен тең.
Сондай-ақ, қазақ халқында да тағамға қатысты ырымдар бар. Мысалы, еліміздің кейбір аймағында кесеге шайды толтыра құймайды. Қонақ үй иесі тезірек қайтып кетуін қалап отыр деп ойлап қалуы мүмкін.
ШЫЖ-МЫЖ
ШЫЖ-МЫЖ
Қазақтың аспаздық өнері бешбармақ, қуырдақ және бауырсақпен шектелмейді. Бұған дейін жазғанымыздай, этнограф Әйгерім Мұсағажинова қазақтың 200 түрлі ұлттық тағамын жинақтап, 50-ін «Қазақы ас: дәстүр мен дәм» кітабына енгізген.
Қазақтың салт-дәстүрі ұлттық тағамдарынан көрініс тапқан. Соғымға сойылған жылқының бүйрегі мен өкпесінен дайындалатын шыж-мыж деп аталатын тағам ер адамдардың достығының символы болып саналады. Ол барлық туыс, дос, көрші үшін ерекше әдіспен дайындалған. Қойдың бүйрегі мен өкпесін ұсақтап турап, өзінің майына қуырады. Әр аймақтың бұл тағамды дайындау барысында өз ерекшелігі бар. Солтүстік Қазақстанда ұсақтап туралған бүйрек пен өкпені майға қуырып, тоқ ішек ішіне салады. Оңтүстік және Шығыс өңірлерде шыж-мыжды отқа пісіріп алған соң бірден жейді, – дейді этнограф.
САУМАЛ
Әйгерім Мұсағажинова қазіргі жағдайда иммунитет көтеру аса маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, қазақтың ұлттық тағамдары иммунитет көтеруге негізделген.
Тоғызыншы сәуірден бастап қазақтар бие сауа бастайды және саумал ішеді. Саумал – өзінің пайдалы қасиетін сауылғаннан кейін 2-3 сағат сақтап тұратын бие сүті. Оның құрамында ақуыз бар. Саумалды құрамы бойынша ана сүтімен теңестіруге болады. Оның құрамында май болмайды және ағзаға жақсы сіңеді. Сондай-ақ, оның құрамында қуаныш гормоны – триптофан бар. Ресейлік саяхатшылар еңбектерінде Қазақстан аумағынан өткен кезде қазақ халқы қыстан әлсіз болып шыққанмен, екі-үш күнде күш жинап, екі беті қызарып жүретіні туралы жазған. Мұның бәрі саумалдың арқасы, – дейді ол.
МАЙСӨК
Этнограф пайдалы азық-түлік тұтынудың пайдасын айтты. Көбімізге мәйсөк деген тағам таныс болар? Балаларды осы мәйсөктің дәміне үйрету өте маңызды. Ол майға қуырылған тарыдан жасалады. Оны алдымен сүт немесе суға қайнатып алады, одан кейін кептіріп, үстіне жылы май құяды. Оны таңғы астан кейін десерт ретінде жеуге болады.
Қазіргі жағдайда ешқандай май қоспай, өз сөліне бұқтырылып жасалатын тағамдар пайдалы. Мысал ретінде балқуырдақ тағамын айтуға болады. Ол бауырдан жасалады: бауырды жіңішке етіп турап, суға бұқтырып, оның үстіне кішкене қаймақ қосады. Бұл тағамның балалардың ағзасына тигізер пайдасы зор.
ТОМЫРТҚА
Сонымен қатар, сүйектен дайындалатын көже – томыртқа өте пайдалы. Сүйектерді суда 12 сағат қайнату керек. Сүйектің майы шыққаннан кейін жақсылап араластыру керек. Әбден қайнап біткеннен кейін судың бетіне шыққан сүйектің майын жинап алу керек. Оны бауырсақ, жент басқа да тәтті тағамдар дайындаған кезде қолдануға болады. Ал сорпасы қыс аяқталып, көктем басталған кезде ішкенге жақсы. Оны көктем мезгілінде иммунитет көтеру үшін ішкен.
ӘСІП СОРПАСЫ
Ағзаға пайдалы сорпаның тағы бір түрі – әсіп сорпасы. Ол – еттен жасалған, құрамы пайдалы дәріменге толы сорпа. Ол балалар үшін де, егде жастағы адамдар үшін де пайдалы. Сорпа қой етінен дайындалады және жылдык кез келген мезгілінде ыстық күйде де, суық күйде де жеуге болады. Аталған сорпаны дайындау үшін қой еті, бауыры және құйрық майы ұсақтап туралады. Оған буға піскен күріш пен тұз, бұрыш қосылады. Осыларды араластырып, бүйенге салады да, бетін буып, бір сағат суға қайнатады. Дайын болған әсіпті дөңгелектеп турап, үстіне сорпа құяды, – дейді этнограф.
Әйгерім Мұсағажинова қазіргі уақытта ұлттық тағамдарды насихаттау маңызды міндеттердің бірі деп санайды.
Қазіргі уақытта адамдардың көбі тағамды қарын ашқанда жейтін нәрсе ғана деп түсінеді. Қазақтың қаншама пайдалы тағамы көз алдымызда жоғалып бара жатыр. Қазақ халқының әр ұлттық тағамы – даналықтың символы, өйткені ол қарынды тоқ қылып қана қоймай, қажет кезде адам бойына күш-қуат беріп, тіпті адамдардың қайта татуласуына, жақынараласуына себепші болған. Иммунитетті көтеретін тағамдарды жиі дайындаған дұрыс, – дейді ол.
Қазіргі уақытта адамдардың көбі тағамды қарын ашқанда жейтін нәрсе ғана деп түсінеді. Қазақтың қаншама пайдалы тағамы көз алдымызда жоғалып бара жатыр. Қазақ халқының әр ұлттық тағамы – даналықтың символы, өйткені ол қарынды тоқ қылып қана қоймай, қажет кезде адам бойына күш-қуат беріп, тіпті адамдардың қайта татуласуына, жақынараласуына себепші болған. Иммунитетті көтеретін тағамдарды жиі дайындаған дұрыс, – дейді ол.