Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылда кене қаптады, шешімін ешкім таппады

Ауылда кене қаптады, шешімін ешкім таппады

Өткен жыл Сыр өңірі үшін оңай болған жоқ. Оның ішінде жауын-шашынның болмауы салдарынан көк шықпай құрғақшылық жайлады, мал қырылды. Ал биылғы жылдың ауа райы мүлдем бөлек. Бүгінгі күнге дейін жауын жауып, айнала көкке оранды. Алайда мұның тиімсіз тұсы да жоқ емес. Өйткені соның салдарынан ауданға қарасты кейбір ауылдарда кене қаптап кетті. Ал бұл сондағы ағайынның ызасын тудыруда. Неге десеңіз, жауапты мекеме аудандық ветеринариялық станциясы бұған салғырт қарап, тиісті жұмыстарды жүргізбей отыр.
Бұлай айтуға негіз жоқ емес. Себебі сондағы мамандарға осы мәселе төңірегінде сауал жолдасақ, құр ақпаратпен құтылғысы келеді. Нақты қай уақытта, қай ауылды аралап, дезинфекция жұмыстарын жасағанын дөп басып айтпайды. «Жаман айтпай, жақсы жоқ». Алда-жалда мұның алды алынбаса, мал емес адам өлімі болмасына кім кепіл?
Жуырда Бозкөл ауылының тұрғындары малдарын кене жаулап жатқанын сөз етіп, күн сайын бірнеше төрт түлікті құрбан етуге тура келіп жатқанын айтып шырылдады. Осы мәселе қатысты Қазалы аудандық ветеринариялық станциясы мамандарымен тілдескенімізде, олар «аурулардың алдын алуға арналған профилактикалық дезинфекция негізінен жылына 2 рет, көктемде және күз айларында жүргізіледі» деп отыр. Мейлі, жылына екі мәрте жұмыс жүрді делік. Бірақ неге алыстағы ағайынның малы қырылып, оны аман алып қалуға сондағы адамдар атсалысып, мәселенің шешілуіне жұмыс жасауы керек? Ал аудандық ветеринариялық станциясы қызметкелері қайда қарап отыр? Неліктен нәпақа тауып отырған жерінде өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарамайды? Әлде болары ­болып, бояуы сіңіп, арты мал былай тұрсын адам шығынына алып келуі қажет пе?
Айта кетейік, бұл ауданға қарасты бір ауылда ғана болып отырған жайт емес. Мәселен, Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Ақан Төлешов жауапты саланың дәрменсіз, жауапсыз екенін айтады. Өйткені сондағы қаптаған кенеден құтылу үшін ауыл халқы ғана терлеуде.
– Бізде де осы кенеден көше алмай отырған тұрғындар бар. Оған басты себеп – үйлерінің жанына ауылдың бар төрт түлігі жатады. Сол малдармен бірге кенелер басып жатыр. Тиісті орындар дәрменсіз, дәрменсіз емес-ау құлықсыз, жауапсыз болып отыр. Кейде олар «кенеден адам шығынын күтіп жүр ме?» деген ойда қаласың. Әйтпесе, өздеріне жүктелген жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарар еді?! – дейді ол.
Қазалы аудандық сэбБ мамандары тұрғындарға тек кенеден тарайтын ауруға ғана тоқталып, қажетті дәрі-дәрмекті ғана айтумен шектеледі. Дұрыс шығар. Бірақ неге оның орнына ауруға жеткізбеудің жолын қарастырып, алдын алу жұмыстарын жүргізбейді? Кенеден келетін кеселді сондағы шаруалар жақсы біледі. Тіпті қандай дәрінің қажет екенінде айтпай біледі десем артық болмас. Тек оларға керегі тиісті салалардың болып жатқан жайттың жанынан табылып, қажетті шаруаға кіріскені. Ал олар тек түсініктеме беріп өткенді ғана құп көреді.
Айтпақшы, аудан бойынша кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ақылы түрде «Дезинфекция және К» ЖШС, «Ветеринариялық қызмет көрсету орталығы» ЖШС жүргізеді екен. Аудандық ветеринариялық станциясы қызметкерлері тұрғындарға осы мекемелерге хабарласып, залалсыздандыру жұмыстарды жүргізіп алуды, соның нәтижесінде түрлі аурулардың алдын алуға болатынын назарға ұсынып отыр. Демек, қолында қаржысы жоқ жанның малы бұдан әрі қырыла береді деген сөз. Ал бұл жауаптылардың «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» дегеннің керін келтіргені. Алыстағы ағайынның көңілі бірленсін десек, тиісті сала кенеден құтылудың төте жолын тапқаны дұрыс. Әйтпесе, «мал ашуы – жан ашуы» деп арты қиындыққа апарары даусыз.

А.БАҚЫТҰЛЫ
19 шілде 2022 ж. 544 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031