Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Парламенті мәжілісі депутатының кездесуі жалғасты

ҚР Парламенті мәжілісі депутатының кездесуі жалғасты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызы аудан әкімдігінің ғимаратында білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім саласына қатысты сұрақтар қойылып, бірқатар мәселелер талқыға салынды. Олардың негізгісі білім саласының жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшуі жайы. Осыған байланысты ауылдық жерлердегі балабақшалардың жағдайы мәз емес екендігі айтылды.
Сондай-ақ, жиынға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы онлайн форматта қатысып, қойылған сұрақтарға тиісті деңгейде жауап берді.
Мұнан соң халық қалаулысы аудан әкімдігінің ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы арасындағы 4 жолақты жолдың және Қарлаң учаскесіндегі көпірдің уақытылы аяқталуына бақылау жүргізілсе деген ұсыныстар айтылды.
Фракция мүшесі жеке қабылдаудан кейін Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы арасындағы 4 жолақты жолдың құрылысымен танысты. Сонымен қатар №70 мектепте кент тұрғындарымен жаңа мектеп салу, ерекше балаларға қажетті кабинеттерді ашу сынды тақырыптарда пікір алмасты.
Аталмыш жиындарға «AMANАT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаттары Тілеп Ібайдулла мен Мінажадин Өтеев және тиісті сала өкілдері қатысты.
#AMANAT
05 шілде 2022 ж. 468 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031