«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ауыл тұрғындарымен жүздесті
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл ауданға сапары барысында Кәукей ауылының тұрғындарымен кездесіп, бірқатар сауалдарына жауап берді.
Ауылдық мектептің ғимаратында өткен кездесуде, ауыл халқы түрлі деңгейдегі мәселелерін жеткізіп, ұсыныстарымен бөлісті. Онда ауылға жаңадан трансформаторлар орнатып, электр жарығының сапасын арттыру, ауылдық амбулатория құрылысына қаржы бөлу, Кәукей ауылынан Жанқожа баба кесенесіне дейін арнайы жол төсеу секілді мәселелер көтерілді.
Халық қалаулысы кезекті сапарын Бозкөл ауылы тұрғындарымен кездесумен жалғастырып, жергілікті тұрғындардың балабақша құрылысының қаржысын қайта қарау, жаңа типтік амбулатория салу, ауыл көшелерінің жолын жөндеу мен мектеп шатырының бір бөлігін қайта қалыпқа келтіру тақырыптарында талап-тілектерін тыңдады.
Аталмыш кездесулерде мәжіліс депутаты ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай туралы әңгіме өрбітіп, негізгі ақпараттарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жеке-жеке жауап беріп, жиында көтерілген мәселелерді бақылауға алып, орындалуына тиісті деңгейде жұмыс жасайтындығын жеткізді.
#AMANAT