Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева ауданға іссапармен келді

Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева ауданға іссапармен келді

Бүгін Жанқожа батыр ауылының тұрғындары ауданға арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызымен кездесті.
Балайым Туғанбайқызы іссапар барысында жанқожалықтардың ұсыныс пікірлеріне құлақ түрді. Ауыл тұрғындарын қазіргі таңда мектептің жағдайы алаңдатады. Ауыл үшін өзекті болған білім ордасының жағдайымен мәжіліс депутаты арнайы аралап, танысып шықты. Осы ретте ауыл халқы алдағы жоспарға қойылған жаңа білім ордасы 250 орындық болып бой көтерсе деген ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар тұрғындар үшін азық-түлік бағасының қымбатшылығы және оны тұрақтандыру мәселесіде өзекті.
Мұнан соң фракция мүшесі аудан орталығында орналасқан «РАУАН» инклюзивті білім беру орталығында ерекше күтімді қажет ететін балалармен кездесіп, балабақша жұмысымен танысты.
Өз жұмысын 2018 жылдан бастаған орталықты, меңгерушісі Қуанышкул Дәулетиярқызы таныстырды. Қазіргі таңда балабақшада даму мүмкіндігі кешеуілдеген, тіл мүкістігі бар балалар тәрбиеленуде. Жалпы 42 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар үйірме жұмыстары да өз жұмысын атқарып келеді. Сондай-ақ, орталық меңгерушісі халық қалаулысына «Ерте жастан дамыту» бағдарламасы аясында 2-жастан бастап бала қабылданса деген ұсынысын жеткізді.
Кездесулер барысында көтерілген мәселелерді мәжіліс депутаты тиісті орындарда талқылап, шешілу жолдарын қарастыратындығын білдірді.
Маңызды кездесулерге «AMANАT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаттары Тілеп Ібайдулла мен Мінажадин Өтеев және тиісті сала өкілдері қатысты.
#AMANAT
05 шілде 2022 ж. 415 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031