Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты жұмыс сапарымен келді

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты жұмыс сапарымен келді

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских Қазалы ауданына іс-сапармен келді. Ауданға сапары кезінде мәжіліс депутаты ТД-23 айналым депосының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиынға арнайы облыстық, аудандық мәслихат депутаттары Ибайдулла Тілепұлы, Мнажадин Сражадинұлы, Ғазиз Әлмәмбетұлы, Арғын Қайрбайұлы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жаппарбергенұлы, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы, "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ Басқармасының мүшесі, бас инженер Костыря Иван Иванович, "ҚТЖ - Жүк тасымалы" Теміржол, әуе және су транспорты жұмысшыларының қазақстандық салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Төлегенов Ермек Нақыпбекұлы қатысты. Жиын барысында бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.


Айта кетейік, ағымдағы жылдың 18 ақпан күні сағат 17:00 және 19:00 арылығында аудандық партия филиалында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Бақытбек Смағұл және Ғалым Әміреев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді. Қабылдауға алдын-ала жазылу үшін: 8 (724) 38 23264 және 8 (778) 485 8979 байланыс телефондарына хабарласуларыңызға болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
17 ақпан 2022 ж. 589 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 69

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 45

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 77

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031