Мәжіліс депутататтары тұрғындармен кездесті
Қазалы ауданына арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балайым Кесебаев мен Мақсат Раманқұлов бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерімен, Ақсуат ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Мәжіліс депутаты Балайым Туғанбайқызы референдумның маңыздылығын түсіндіріп, саяси науқанға біркісідей қатысуға шақырды.
Кездесуде Мәжіліс депутаты Балайым Туғанбайқызы референдумның маңыздылығын түсіндіріп, саяси науқанға біркісідей қатысуға шақырды.
– Президент ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлес қосуымыз қажет, – деді.
Әйтеке би кенттік клубында өткен шарада тұрғындар тарапынан әйел адамдардың зейнетке шығу мерзімін өзгертуге қатысты ұсыныстар айтылды.
Ал, ақсуаттықтармен өткен кездесуде ауыл тұрғындары депутаттарға жайылымдық жер, ауылға газ тарту, жем-шөптің жайы мен теміржол өткелін салуы сынды мәселелерді жеткізді.
Мәжіліс депуттатары тұрғындар қойған сауалдарға тиісінше жауап беріп, алдағы уақытта айтылған ұсыныстар бойынша жұмыстар жасалатындығын айтты.
Сондай-ақ, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясының республикалық штабының мүшесі Ғалым Әміреев Қазалы орман шаруашылығы, ветеринария және Қазалы аграрлы-техникалық колледжі қызметкерлерімен кездесті.
Колледж ғимаратында өткен басқосуда жалпы республикалық референдумды өткізудің маңыздылығы мен оған әзірлік барысы талқыға салынды. Ата заңға енгізіліп жатқан маңызды өзгерістердің бірқатарына тоқталған штаб мүшесі, 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Жиын барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, толғандырған мәселелерін жеткізді. Сонымен қатар, еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді бірауыздан мақұлдады.
Ғалым Махмутбайұлы сонымен қатар, «РЗА» АҚ және жеке кәсіпкер Төребек Игіліктовтың балық зауытының ұжымымен кездесіп, Конститутциялық құжатқа енгізілгелі отырған өзгерістерді түсіндірді.