Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл шалғайдағы шекара бөлімшесіне барды
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытбек Смағұл бүгін аудан халқымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында арнайы келді.
Мәжілістегі жазғы кезекті демалысын тиімді пайдаланған депутат ең алдымен шалғайдағы Жанқожа батыр шекарасында Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жатқан офицерлер және сарбаздардың жағдайын бағдарлап, олардың материалдық-техникалық жарақтануымен танысты. Халық қалаулысы бөлім құрамының және шекарашылардың материалдық-техникалық базасының қанағаттанарлық жағдайда екендігін көріп, арнайы комиссияда ұсыныс-пікірлерін көтеретіндігін жеткізді.
Кездесу барысында мәжіліс депутаты Парламенттің VII шақырылымдағы екінші сессия жұмысы бойынша тоқталып, атқарылған жұмыстарын қысқаша шолып өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынуы негізінде құрылған Ұлттық құрылтайдың негізгі мақсатын атап өтіп, еліміздің шекарасын көздің қарашығындай қорғап жүрген сақшылардың алдағы тынымсыз еңбегіне сәттілік тілеп, өз алғысын білдірді.
#AMANAT