Аудан ардагерлері референдумға қолдау білдірді
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл ауданға сапары барысында аудан ардагерлерімен кездесті.
Жиында сайлау жүйесіндегі өзгерістер, жаңа баптар, референдумның қоғамға берер мүмкіндіктері жайлы кеңірек сөз болып, әрбір қазақстандыққа өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін алдағы референдум туралы хабардар етті.
«Алдағы өзгерістер Ата заңымыздың 33-бабының яғни, үштен бір бөлігіне қатысты болады. Мұндай ауқымды өзгеріс бүкілхалықтық референдум арқылы жүргізілуге тиіс. Ел Президенті өз сөзінде жаңа Қазақстан-ең алдымен, жалпыұлттық бірлік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру екенін айқын көрсетіп отыр. Демек, референдум - "Жаңа Қазақстанды құру" идеясын жүзеге асыру жолы болып табылады." – деді республикалық штаб мүшесі Б.Смағұл.
Мәжіліс депутатының келесі кездесуі аудандық партия филиалында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесумен жалғасын тапты. Жиын барысында елеулі кезеңде орын алатын үлкен өзгерістер мен толықтырулар жөнінде пікір алмасу болды.
Сондай-ақ жиында аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігі өкілдері және партия филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Есет Табынбаев ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, көтерілген мәселелер жиын барысында жоғары деңгейде қаралды.
Басқосу соңында республикалық штаб мүшесі қатысушыларға Қазақстанның жаңа кезеңінің басталуына ел болып біргіп, атсалысуға шақырды.
#ReferendumAMANAT