Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шекарашылар жайымен танысты

Шекарашылар жайымен танысты

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Қазалы ауданына іссапары кезінде «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесіне барып, шекарашылардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Елдің шетінде, желдің өтінде еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қалт жібермей күзетіп жатқан шекарашыларға алғысын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесінің келісім шарт бойынша әскери қызметшісі Абзал Сисеновке Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалін табыстады.
Мұнан соң Жанқожа Нұрмұхам­медұлының мәңгілік тыныс тапқан мекеніне арнайы барып, халық батырына тағзым етіп, оның рухына бағыштап құран оқыды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың Қазалы ауданына сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев, сондай-ақ, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев пен аудандық «Жас сарбаз» ұйымының төрағасы Әлихан Есмағамбет бірге жүрді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

26 ақпан 2022 ж. 1 338 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 111

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 97

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 108

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031