Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үшке оқығандар неге үздік?

Үшке оқығандар неге үздік?

Мектеп қабырғасында мұғалімдердің «Сен адам болсаң, мұрнымды кесіп берейін» деген сөзін көп естіген оқушылар, яғни үшке оқығандар көбіне үздіктерді басқарып жатады. Бұған таңқалудың қажеті жоқ. Өйткені олар тәжірибе жасаудан қорықпайды. Білім ордасында бұзық болғаны үшін жиі бұрышқа тұрған, соңғы партада ұйықтап отыратын «болған істің бәріне кінәлі Қожаның» рөлін сомдайтындар уақыт өте келе табысты жанға айналады. «Беске» оқу баланың болашағын жарқын етудің кепілі бола ала ма? Олай болса, неге нашар оқыған оқушылар табысқа тез жетіп, байлыққа оңай кенеледі? Осы бір маза бермеген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Нашар оқығандар көбіне өзгеше ойлайтынымен ерекшеленеді. Мәселен, сабақта белгілі бір ережелер айтылып, еш өзгертуге не бұзуға болмайды деп үйретеді. Үздіктер сол күйі жаттап алса, үшке оқитындар «бұзып көрсе не болады?» деп тәжірибе жасаудан қорықпайды. Соның арқасында сыни ойлау, шешім шығару сынды қабілеттер дамиды. Әлбетте, беске оқығандар орынбасар, оқу нашар оқығандар бастық болады деп 100 процент сеніммен айтуға болмас. Сол сияқты күнделіктегі «5» пен дипломның қызыл түсі сіздің топ жаратыныңызға кепілдік болмайды. Осы тұста мамандар мектепте үздік оқыған оқушылар мен нашар үлгерім көрсеткен оқушылардың басты айырмашылықтарын көрсетті.
Олар оқыған оқушылар барлығын дұрыс істеп үйреніп қалады дейді. Сондай-ақ беске оқыған адамға төмен баға алу үлкен бір күнәға батқандай әсер қалдырады. Ал нашар көрсеткіш көрсеткен оқушы бұл нәрсеге бас қатырмайды. Себебі ол әрдайым екінші мүмкіндіктің бар екенін, сол кезде бәрі жақсы боларына сенеді. Оған қоса үздік оқыған оқушылар өмірде ештеңеден қорықпаймын деп ойлайды. Олар кітаптағы сұраққа дұрыс жауап берсе, жақсы баға алатынын біледі. Алайда өмірде көрсетілген тапсырмаларды орындайтын кітап жоқ. Сол себепті, адам барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, тәуекелге баруы қажет. Осындай кезеңдерде үздік оқушылар өздігінен шешім қабылдай алмай қалса, үшке оқығандар ойланбастан әрекет ете алады.
Сосын нашар оқыған оқушылар көппен тез тіл табысып кетеді. Үлгерімі жақсы балалар өз білімдеріне сенеді. Олар барлық тапсырманы өздері, ешкімнің көмегінсіз-ақ орындайтынын біледі. Ал үлгерімі төмен оқушылар көп нәрсе білмейтінін түсініп, білетін адамдармен тіл табысып алуды әдетке айналдырады. Тіпті, олар мектепте ұстаздармен келісімге келіп, сыныптастарының бәрімен достасып жатады. Сондай-ақ үлгерімі төмен оқушылар жеңіл жолмен жүруге тырысады. Яғни оларға кітаптағы кеңестер қажет емес. Нашар оқыған оқушылар тек өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйенеді. Сондықтан олар өте қарапайым және ерекше жеңіл жолдар тауып алады. Бұл олардың өмірде жетістікке жетуіне оң әсерін тигізеді екен.

Білім жүйесін сынай біледі
Олар ағысқа қарсы жүзуден тайсалмайды. Өйткені ұстаздардың онсыз да оған көңілі толмайды. Сол себепті еш қорықпай пікірін айта салады. Өтіп жатқан тақырып ұнамаса, жасырмайды. Өзіне қажет емес деп есептесе, оқымай қоя салады.

Қатып қалған қағидаға сүйенбейді
Оқиғаны жақсылап сараптай алады. Шектеулерге сыни қөзқараспен қарап, қолайына келмесе бұзып көруден қорықпайды. Мысалы, олар үшін «болмайды дедім, болмайды» деген түсінік жоқ. Үздіктер болмайды дегенге келісіп, істесе не болады деп бас қатыра бермейді. Нашар оқығандар басқаның сүрлеуімен жүргенді қаламағандықтан, жолды өздері іздеп, өздері табады.

Жағыну – жат қылық
Беске оқитындар үнемі мұғалімнің сүйікті оқушысы атанып, сол атаққа лайық болайын деп көңілге қарап жүреді. Тіпті үдесінен шығу үшін артық энергия шығындауға бар. Ал үшке оқитындар керісінше, ешкімге жағынбайды. Мақтау есту үшін қаламаған дүниені жасамайды. Бірақ бұл жерде ескеру керек жайт – ұстазды қай кезде де сыйлау қажет.

Бағадан басқа ойлайтыны көп
Тек «5» алуға тырысып жүретіндердің көбі сол сәтпен ғана өмір сүреді. Болашағын елестетуге асықпай ма, әлде қорқып қала ма белгісіз. Үлгерімі төмен оқушылар болса стратег келеді. Қалай десеңіз, бағаның соңынан қуып жүрмей, ересек өмірге ерте аттанады. Мәселен, қосымша жұмыс істейді, орта көреді, ақша табудың жолын әу бастан үйренеді. Осылайша кейін ұжымға сіңісу оған оңайырақ болады.

Қателесуден қорықпайды
Расында нашар оқитындар батылдау. Жолдағы тосқауылдан қорықпайды. Жолы болмай қалып, жоспарының күл-талқаны шықса да езілмейді. Қайта содан сабақ алып, өзіне сенімді бола түседі. Табыс дегеніңіз, ғылымдағы қағидаларды жақсы білу арқылы ғана есептелмейді. Жетістікке жету үшін тіл табыса білу, креативті ойлай білу қабілеті өте қажет.

Үшке оқығанның бәрі топас емес
Біз айтып отырған табысты адамдар білім алудан қашпайды. Яғни барлық нашар оқығандар жетістікке жетеді демейміз. Бұл ретте білуге, дамуға құштар жандарды ғана айтып отырмыз. Үздік оқитындардан сәл ғана айырмасы сол – олар өзіне ұнайтын саланы таңдайды. «Бір жерді тесіп шығам-ау» дегеніне қорықпай бағыт алады. Бүйрегі бұрып тұрса, сол салаға машықтана алса ғана кіріседі.
Ақыры нашар оқығандардың қол астында жұмыс істеу тағдырына жазылар болса, оқып не керек демеңіз. Бұл жерде бастысы, дұрыс бағыт алу, қажетсіз дүниелерден бас тарта білу керек. Бағада тұрған ештеңе жоқ. Алған білім болашақта пайдасын тигізуі шарт. Олай болмаса, бос білімнің керегі қанша? Осы ретте мамандар «Білімнің түбіне жеткен ешкім жоқ. Бәрін оқып, біліп, адам біткеннің барлығына ұнау мүмкін емес. Сондықтан ата-аналар баласына мектептегі білім беру бағдарламасын жаттатумен емес, оның болашағына пайдалы қаражат құюды ойлауы тиіс» дейді.

А.ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
02 шілде 2022 ж. 476 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031