Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен мектепте жақсы оқығандардың жолы бола бермейді?

Неліктен мектепте жақсы оқығандардың жолы бола бермейді?

Бала кезімізден жақсы оқуды, жоғары білімді болуды, білімсіз күн көре алмайтынымызды айтып, санамызға құйып келді. Бай болу үшін, табысты болу үшін міндетті түрде білім қажет деп сендіргені соншалық, мектепті алтын белгіге аяқтап, қызыл диплом алуға барынша тырысып бақтық. Ал шындап келгенде үздік оқушылар кәдімгі көпшіліктен ешқандай айырмашылығы болмай, керісінше орташа жалақыға күнін зорға көріп жүрген адамға айналады. Мұның себебі неде? Неге керісінше ең нашар дейтін оқушылар табысты кәсіпкерлерге айналып, мұрнын шүйіріп, бай болып шыға келеді?

Ең алдымен жұмыс беруші сіздің мектептегі аттестатыңызға қарамайтынын біліңіз. Оған керегі тек сіздің тәжірибеңіз бен кәсіби дағдыларыңыз. Тіпті дипломдағы бестіктерден қарағанда, компьютерді білуіңіз бен спорттық жетістіктеріңіз маңыздырақ рөл атқарады.
Ештеңе де мәңгі емес. Сіздің мектепте алған біліміңіз бен жаттағандарыңыз есіңізден шығып кетуі мүмкін. Себебі сіз оны күнделікті қайталап отырмайсыз ғой. Оның орны басқа да күнделікті әдетке айналған дағдылар мен іс-әрекеттерге, ақпараттарға тола бастағанда ескірген ақпараттар еріксіз санаңыздан өшеді. Сондықтан теориялық білімге қарағанда практикалық білімге көбірек назар аударыңыз.
Мектеп сізге ешқандай практикалық білім бермейді. Мектепте алған біліміңіз өміріңізге ешқандай кәдеге жарамауы мүмкін. Қайта мектептен тыс айналысқан сүйікті ісіңіз жетістікке жетуге септігін тигізуі мүмкін. Сіз мектепті үздік аяқтап, тағы 4 жыл жоғарғы оқу орнында оқып, маман иесі болып шығып жұмысқа орналаса алмай жүргеніңізде сіздің мектепте ең нашар оқыған, жоғарғы оқу орнына түсе алмаған сыныптасыңыз жай ғана 3 ай шаштараз мамандығын оқып, сол уақыт аралығында сән салонының иесі болып отырмасына кепілдігіңіз бар ма?
Үздік оқушы болу өмірде кездесетін стресстік ситуацияларға дағдыландырмайды. Керісінше сізді тек мақтау құмарлыққа үйретуі мүмкін.
Үздік оқушы ереже жаттап бестік алуға әбден дағдыланып кетеді. Ал екіге оқитын оқушылар немесе білімі нашар болған оқушылар өмірде оңтайлы шешім қабылдауға бейім болады. Себебі жаттамаған немесе оқымаған үй тапсырмасы үшін жазаланбау үшін әдеттен тыс шешімдер қабылдауына тура келеді. Бұл олардың миын жаттықтырып, үлкен өмірде де көмектеседі.
Оқымыстылар әдетте көп сөйлемейді. Ал өмірде жетістікке жету үшін ораторлық қабілет қажет-ақ.
Алайда бұл мектепті мүлде оқымасын немесе нашар оқысын деген сөз емес. Керісінше мектептегі біліммен қатар өзіңізді жан-жақты дамытуға бар күш-жігеріңізді салсаңыз, міндетті түрде үлкен жетістіктерге қол жеткізеріңіз анық.

01 қараша 2019 ж. 1 131 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930