Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауларды реттейтін заңнама

Дауларды реттейтін заңнама

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекет пен азамат (ұйым) арасындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу бойынша әкімшілік рәсімдерге және арнайы сот ісін жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кодекс әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізуден тұрады. Бірнеше қағидатқа негізделген. Құқықтардың басымдық қағидаты – әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың барлық күдіктері, қайшылықтары мен түсініксіздігі әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі. Ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу – әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуға, шектеуге, тоқтатуға, сондай-ақ заңнамада белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында оған міндет жүктеуге тыйым салынады. Қорғау құқығын сенім – әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі заңмен қорғалады. Соттың белсенді рөлі – сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді. Әкімшілік процеске қатысушылардың өз бастамасы немесе уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды. Әкімшілік істің нақты және заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.
Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде:
1. Әкімшілік актіні толық немесе оның бір бөлігін алып тастау талабымен дау айту туралы талап қоюлар;
2. Әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетсіздігі себебінен қабылдаудан бас тартылған не қабылданбаған, талап қоюшы қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды талап етуі мүмкін мәжбүрлеу туралы талап қоюлар;
3. Талап қоюшы әкімшілік актіні қабылдауға бағытталмаған белгілі бір іс-әрекеттер жасауды немесе осындай іс-әрекеттерден қалыс қалуды талап етуі мүмкін іс-әрекеттер жасау туралы талап қоюлар;
4. Талап қоюшы қандай да бір құқықтық қатынастардың болуын немесе болмауын тануды талап етуі мүмкін тану туралы талап қоюлар арқылы сотқа жүгіне алады.
Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесінде және жоғары тұрған органда және сотта мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау кепілдіктерін бекітуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сот жүйесіне жүктемені азайтуға әкеледі.
К.Уразалиева,
Қазалы аудандық сотының жетекші маманы
23 маусым 2022 ж. 378 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031