Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа кодекс күшіне енді

Қазақстанда жаңа кодекс күшіне енді

Қазақстанда жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді.
Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Оның айтуынша, әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап арыздар енді "әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау" қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімінің дұрыстығын сот алдында дәлелдеуі тиіс.

"Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап береді. Бұл құжат "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналады", - деді Берік Уәли. Айта кетейік, Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске Мемлекет басшысы 2020 жылғы 29 маусымда қол қойған болатын.
01 шілде 2021 ж. 483 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930