Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа заңнаманың жаңалығы көп

Жаңа заңнаманың жаңалығы көп

ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Аталған кодекс азаматтардың нақты құқықтарын қорғау бойынша бірнеше мақсатты көздейді.
Ең алдымен кодекс азаматтардың мүддесін, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз уәжінен қорғауға арналған қағидаттарды енгізетінін атап өткен жөн. Осылайша заңнаманың түсініксіз тұстары азаматтардың пайдасына шешіледі. Адам құқықтарының қорғалуының негізгі кепілдіктерін белгілеуі бойынша Мемлекеттік органдар олардың құқығын пайдаланған кезде кодекстегі барлық міндеттеме мен принципті сақтауы керек. Бұл – өте ауқымды сала. Кодекстің алғашқы бөлімінде әкімшілік рәсімдер қарастырылса, екіншісі сот үрдісін қадағалап, жүргізуді басшылыққа алады.
Азаматтар жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімі мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру барысында әділетсіздікке тап болатыны жасырын емес. Демек бұл заң олқылықтарды оңтайландырып, қоғамды жаңа жүйеге бағыттайды. Кодекске сәйкес азаматтарға шешімдерді қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беріледі.
Айта кету керек, Республика аумағында жаңа кодексті басшылыққа алған соттар өз жұмысын бастады. Онда бүгінге дейін жалпы юрисдикциялық, сондай-ақ экономикалық және азаматтық соттарда қаралып келген мемлекет пен азамат арасындағы әкімшілік даулар қаралады. Мемлекеттік органның шешімімен келіспегендер осы сотқа арнайы талап-арызымен жүгіне алады. Мемлекеттік орган өз шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуге тиіс. Сот бұл дәлелдерден бөлек қосымша мәліметтер сұратып, дәлелдемелер жинауға құқылы. Яғни, бұрын судья алдындағы іс материалдары мен дәлелдемелерге ғана сүйенсе, енді әділетті шешім шығару үшін белсенді бола түседі. Жаңа әкімшілік сот өз шешімдерінің орындалуын қатаң бақылауда ұстайды.
Жаңадан қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, шешім қабылдау процесінде және сотта мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде жеке азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау кепілдіктерін бекітуге және сот жүйесіне жүктемені азайтуға мол септігін тигізбек.

Мұрат ОСПАНОВ,
Қазалы аудандық сотының судьясы
07 тамыз 2021 ж. 515 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 57

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031