Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйесін тапсаң, жұмыс бар

Жүйесін тапсаң, жұмыс бар

Жылыжай салу, оның бабын табу оңай шаруа емес. Кәсіптің көзін білсең, құпиясына қанықсаң, алынбайтын қамал жоқ. Қазалылық кәсіпкер Қанат Ибрагимов те әрекет етсең берекеті болатынын түсінеді. Ол үйінің алдынан жылыжай жасап, қысы-жазы қияр өсіреді. Яғни, ауласында ұзындығы – 14, ені – 4 метр жылыжайы бар. Оның ішінде қиярдың сан түрі егілген.
Қанат жылыжай өсіруге қызығып, Ресей елінен арнайы поликарбонат материалын алып келеді. Сөйтіп, үш жыл бұрын жылыжай салып, көкөністің бір ғана түрі қияр өсіре бастайды. Қысы-жазы қиярдың түр-түрін өсіріп, өздері де дәмін татып, өзгелерге де сатты. Айтпақшы, мұнда қиярлар тамшылатып суару тәсілі арқылы суарылады.
Жуырда Қанат Ибрагимов «Даму» қоры арқылы үш жарым миллион теңге несие алды. Ондағы мақсаты – жылыжайдың жылу жүйесін жөндеу. Қазір құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Жылыжай үлкен және кішірек екі бөлмеден тұрады.
«Жылыжайдың іші жыл он екі ай жылы болуы тиіс. Сол себепті есік ашылған сәтте бірден салқын ауа соқпауы үшін жылыжайдың алдына кіші бөлме салдым. Мен тек қияр өсірудемін. Өйткені, әр көкөністің күйі бөлек. Мәселен, қияр ылғалдықты сүйеді. Оның қасына құрғақ ауада өсетін көкөністі отырғыза алмайсың. Қиярдың бірнеше түрін өсіріп көрдім. Барлығының шығымы жақсы. Алда жоспарым көп. Бәлкім, жылыжайды кеңейтіп, басқа да көкөніс өсіретін шығармын. Жүйесін тапсаң, жұмыс көп қой», – дейді қияр өсіруші Қанат.
Иә, қияр жылуды, жарықты, ылғалды жақсы көреді. Кәсіпкердің айтуынша, қалыпты өсуі үшін жылыжай ішіндегі температура +15°С-тан кем болмауы тиіс. Осының бәрін ескеріп, жылыжайдың жылуын реттеп отырған жөн. Әсіресе, алғашқы егілген күндері гүлденіп, тұқым байлана бастаған кезде ерекше күтімге алу керек. Тозаңдандыру үшін даладағыдай ара болмағандықтан, арнайы дәрілерді әрбір гүлге егіп шығады. Бір гектар жылыжайға 15-16 мың дана қиярдың көшетін отырғыза аласыз. 2-3 см тереңдікте сеуіп, 8х8 см құтыда өсіріледі. Өскін пайда болған кезде электр жарық жүйесін қосады. Көшетті жылы сумен жаудыру жүйесі арқылы суарады. Өскін топырақ бетіне шыққаннан 12-14 күн өткен соң, өсімдіктер қатары бір-біріне жанасқанға дейін көшеттер бөлектеліп отырғызылады. Көшеттерді 30 күннен кейін тұрақты орындарына орналастырылады. Осы­дан кейін тез өседі. Өскінді отыр­ғызар кезде оның 5-6 жапырағы, дамыған тамыр жүйесі, биіктігі 25-30 см, жер үстіндегі салмағы 35-40 грамм болуы тиіс екен.
«Жылыжайым бар» деп мақтануды білмейтін Қанаттың тынымсыз тірлігі көпке үлгі боларлықтай.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
20 сәуір 2018 ж. 1 547 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031