Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанат Ислам танымал менеджермен жұмысын бастады

Қанат Ислам танымал менеджермен жұмысын бастады

 
  Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам америкалық (тегі литвалық) танымал менеджер Эгис Климаспен жаттығу жұмыстарын бастады. Бұл туралы ақпарат отандасымыздың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
  - Қанат Ислам The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырды. Эгис кәсіпқой бокстың жарқын жұлдызына айналған Сергей Ковалев, Александр Усик, Василий Ломаченко сынды боксшылармен жұмыс істейді.
  Қазір Қанат Ислам Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті, - деп жазады.
Қанат Ислам 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 ж) және әлем чемпионатының (2007 ж) қола жүлдегері атанды.
  Эгис Климас танымал боксшылардың талайымен келісімшарттағы менеджер. Онымен келісімде Сергей Ковалев (31-2-1, 27 КО), Василий Ломаченко (10-1, 8 КО), Александр Усик (14-0, 11 КО) бар. Бұлардан өзге қазақстандық боксшылар Мадияр Әшкеев, Асхат Уәлиханов пен Мейірім Нұрсұлтанов та осы маманмен бірге жұмыс жасайды.
  Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сақтап қалған-ды.

massaget.kz
26 ақпан 2018 ж. 1 517 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 223

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031