Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұтынушыны тәттілерімен тамсандырған

Тұтынушыны тәттілерімен тамсандырған

«Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының нәзікжандыларға арнаған сөзінде терең ой жатыр. Осы күні аудан бойынша шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 20 пайызында әйелдер жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 12 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 6 кәсіпкер әйел 103,5 миллион теңге несие алып, өз істерін қолға алуда. Осындай мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаражат алып, сүйікті ісін үлкейткісі келетіндер қатары жылдан-жылға көбеюде. Жеке кәсіпкер Бағым Сұлтаева да қолайлы мүмкіндікті қолданғысы келеді.
Бағым Қаниқызы Тараздағы аспаздық училищесін бітірген соң алғашқы еңбек жолын 19 жасында теміржол жұмысшыларын жабдықтау мекемесіне қарасты кондитерлік цехынан бастайды. Бұл жерде біраз уақыт жұмыс істеп, кейін «Шұғыла» ательесінде тігінші болды.
Қазір жасында үйренген ілімін жеке ісіне арқау етіп, кәсібін өркендетуде. Жұбайы Кемалдың қолдауымен үйден тапсырыспен торт пісіріп, сатылымға шығарады. Қызыл барқыт, вупипай, напалеон, тасбақа, үйлену тойларға 3-5 қабатты торттар дайындайды. Сондай-ақ, печеньелердің оншақты түрін пісіреді. Пахлава, зефир, эклер, ёжик, слойка ореховый, розочка, песочный, сочник, муравей сынды тәттілерді алатын тұрақты тұтынушылары бар.
«Бүгінде ұн өнімдері нарықта үлкен сұранысқа ие. Дәл осы бағытта шағын және орта бизнестің мүмкіндігі өте зор деп ойлаймын. Тәттілер өзінің түрімен, иісімен, дәмімен адамдарға қуаныш сыйлайды. Қазіргі уақытта кондитерлік өнімдер жоғарғы калориялық десерттер қатарынан болғандықтан оны балалар ғана емес, үлкендер де күнделікті қолданады.
Қазір халықтың жағдайы жақсы той-томалақтан бөлек, үйіне қонақ шақыратын болса дастархан мәзіріне қажетті тәттілерді тапсырыспен дайындатады. Көлемді тапсырыстар алуға үйім тар, қол күші аз, құрал-жабдықтар да жетіспейді. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып өз ісімді үлкейтуді жоспарлап жүрмін. Қарамағыма көмекшілер алып, оларды жұмыспен қамтығым келеді», – дейді Б.Қаниқызы.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.
23 наурыз 2018 ж. 1 570 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 166

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 221

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728