Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық

Балаға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық

Бүгін Қазалыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салтанатты шара өтті.
Аудандық оқушылар үйінің алаңында ұйымдастырылған шарада өнерлі, спортшы, суретші балалардың қолымен дайындалған көрмелер көрсетілді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бастаған құрметті қонақтар балалардың шығармашылығына оң бағасын беріп, болашақта елдің үмітін ақтайтын азамат болып өсулеріне тілектестігін жеткізді.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы әсем безендірілген сахна төріне көтеріліп, балаларды мерекелерімен құттықтады.

– Бүгінде баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау. Бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу. Сол себепті де біздер барынша балабақшада, мектепте, мектептен тыс уақытта балалардың тиісті күтім мен қамқорлық көруіне жұмыс жасап келеміз.


Бұл бағытта елімізде жеткіншектердің білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық жағдай жасалған. Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек, – деген аудан әкімі жас өскіндерге деген қамқорлық балалар жылының аясында жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға облыс әкімінің атынан 50 велосипед табысталды.
Салтанатты шарада өнерпаздар бүлдіршіндер әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.


#Қазалы
01 маусым 2022 ж. 191 0

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 43

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 79

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 80

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 75

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 75

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031