Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бар мейіріміміз балаларға

Бар мейіріміміз балаларға

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жеке кәсіпкер Сәкен Ысқақов «Бар мейіріміміз балаларға» атты қайырымдылық шарасын өткізіп, «Кристалл» мейрамханасында 150-ге жуық ерекше балаларға арнап дастархан жайды.

Қайырымдылық шарасында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев балаларды мерекесімен құттықтап, игілікті іске ұйытқы болған жеке кәсіпкерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

– Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес» дегені есімізде.

Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда. Осыған орай елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен көптеген игі істер атқарылып жатыр. Олардың басым бөлігі, әрине, болашағымыз балаларға арналған, – деді Мұхтар Әуесұлы.


Мұнан соң шараға қатысушы ерекше балаларға аудан әкімінің мерекелік сыйлықтары тапсырылды.
Қайырымдылық шарада ерекше балалардың ата-аналарының атынан Райкүл Оңдабаева құттықтау сөз сөйлеп, аудан басшылары мен жеке кәсіпкерге ақ батасын берді.


Мерекелік шарада ерекше балалардың барлығына жеке кәсіпкер Сәкен Ысқақов тегін балмұздақ таратты. Сондай-ақ бұл күні олардың ата-аналары да назардан тыс қалмады. Ерекше балаларды өсіріп, мәпелеп отырған жандарға бір-бір сыйлықтан үйлестірілді.
#Қазалы
01 маусым 2022 ж. 979 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 110

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930