Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы дәрілердің резерві әзірленеді

Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы дәрілердің резерві әзірленеді

Сенат қабырғасында «Биологиялық қауіпсзідік туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде жұқпалы ауруларға қарсы дәрілердің резерві әзірленетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенаторлардың сауалына жауап берген министр коронавирус пандемиясынан қауіптің барлық мүмкін түрлеріне дайын болуымыз керек деген сабақ алғандарын жеткізді. «Заң жобасында барлық мүдделі мемлекеттік органдар бірлесіп, қандай да бір биологиялық қатер болғанда жұмылып шаралар қолдануы керектігі барлық нормаларға енгізілді. Соның ішінде сіз айтып кеткен пандемияға байланысты, айтсам, жұқпалы аурулардың алу жөнінде бірінші болжау барлық дүниежүзінде болып жатқан жағдайларды немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы қандай инфекциялық аурулардың өршіп жатқаны туралы біліп отыру, оларды анықтап, модельдеу, болжау біздің елімізде қалай өтетіні жөнінде сценарий жасалады», - деді ведомство басшысы. Айтуынша, министрлік бұл тұрғыда жергілікті органдардың биолгиялық қауіп-қатерге әзірлігін пысықтап отырады. «Алдын алу шаралары жүргізіледі, оның ішінде вакцианация да бар. Қазір дәрілік заттардың резервін қалыптастыру жүріп жатыр. Біз қажетті дәрінің кім шығаратынынан тәуелді болмауымыз керек. Жергілікті кадрлар резервін дайындау да маңызды. Заң жобасында бүкіл осындай шаралар қарастырылған. Зертханалық зерттеулер, заманауи технологияларды сатып алу, диагностикалық қондырғылардың болуы және ғылыми зерттеулер жүргізу – осының бәрі заң жобасында қарастырылған. Бұл құжатты қабылдау пандемиядан алған сабақтардан қорытынды шығаруға жол ашады», - деді Ажар Ғиният. Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Заңы қабылданды.

28 сәуір 2022 ж. 274 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930