Коронавирус: 30 мыңға жақындап қалдық
Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов елдегі коронавирусқа байланысты жағдайды айтты.
Қазіргі таңда елімізде 27 541 адам COVID-19 жұқтырған. Оның симптомсыз түрі – 9 809 адамда, симптомды түрі – 17 732 адамда. Соңғы тәулікте 1 471 ауру тіркелді, оның 507 – симптоммен, 964-і – симптомсыз. Қайтыс болғандар саны – 126 науқас. Ал 10 962 адам немесе ауырғандардың 62 пайызы сырқаттан жазылып шықты, - дейді Жұмабек Бекенов.
Оның айтуынша, еліміздің барлық стационарлық карантинінде 1 868 адам, үй карантинінде – 11 563 адам жатыр.
COVID-19 ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны – 8 052, КВИ жұқтырып, амбулаториялық бақылауда 8 472 адам тұр, - деді департамент директоры.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, елордада бүгінде 3 348 адам жұқтырғанын айтты.
Оның ішінде өткен аптада 587 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш алдыңғы аптаға қарағанда 21 пайызға көбейді. Күнделікті өсім – 3 пайыз, 2 291 науқас жазылып шықты. Ауруханада 2 610 науқас жатыр, бұл – алдыңғы аптамен салыстырғанда, үш есе көп. Оның ішінде пневониямен ауыратындар саны – 92 пайызды құрайды, - дейді Қисықова.
baq.kz