Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Adal партиясы Amanat-қа қосылды

Adal партиясы Amanat-қа қосылды

Adal партиясы Amanat-қа қосылды. Amanat партиясының кезектен тыс съезінде осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Басқарушы партияның кезектен тыс XXIII съезі онлайн режимде өтті. Оған барлық аймақтың делегаттары қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Ақордадан онлайн байланыс арқылы қосылды. Партия хатшысы Асхат Ораловтың айтуынша, Adal партиясының құрамында белсенді жастар көп.
"Сондықтан Adal партиясының қосылуы Amanat-тың жастар қанатының әлеуетін арттырады", - деді Оралов.
Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бері үшінші рет жиналып отырғанын жеткізді. Алдағы конституциялық реформа аясында саяси ұйымға үлкен үміт артылып отырғанын ерекше атап өтті.
"Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан Adal партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. Adal - өз жақтастары бар қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор", - деді Тоқаев.
Президент осы маңызды қадам Amanat партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізеді деген ойын білдірді.
26 сәуір 2022 ж. 1 009 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930