Тоқаев Amanat партиясының жастар қанатын жаңғырту керегін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады. Мұны Ақорда сайты хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа кезектен тыс өткен XXII съезде партияны жаңғырту жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берілді.
Асхат Оралов партия төрағасына Алматы, Шымкент қалаларындағы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жұртшылықпен кездесулердің нәтижелері, сонымен қатар қоғамдық қабылдаулардың жұмыстары жөнінде баяндады. Наурыз айынан бері Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау 6 өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тұрғындармен кездесулер өткізді. Маусым айының соңына дейін еліміздің барлық өңірінде қабылдауларды жалғастыру жоспарланып отыр.