Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатор су шаруашылығымен айналысатын жоғарғы орган құруды ұсынды

Сенатор су шаруашылығымен айналысатын жоғарғы орган құруды ұсынды

Бүгін Сенат қабырғасында елдегі су тапшылығы мәселесі көтерілді. Депутат Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, Қазақстандағы су ресурстарының көлемі 2030 жылға қарай жылына 90 текше шақырымнан 76 текше шақырымға дейін төмендейді, деп хабарлайды Экспресс К.

Сенатордың айтуынша, елімізде су ресурстарын жоспарлау және бақылау жүйесі жетілмеген.
"Біз әлі күнге дейін республикадағы су ресурстарының қорлары туралы нақты ақпаратты білмейміз. Мемлекеттік су кадастрын қазіргідей жеке ұйымдар емес, "Қазгидромет" кәсіпорыны жүргізуі тиіс. Ол үшін су қорының мониторингін цифрлық форматқа және қашықтан зондтау технологиясына ауыстыру қажет. Ал бізде көптеген су қоймаларында тіпті гидрологиялық бекеттер де жоқ", — дейді депутат.

Сенатор қазір су тапшылығының өсуі жағдайында көптеген елдер су ресурстарын басқарудағы саясатын өзгертіп, осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейтіп жатқанын алға тартады.

Оның айтуынша, мұндай елдерде су ресурстарын басқарудың бірыңғай мемлекеттік вертикалы құрылған, су шаруашылығының мамандандырылған министрлігі (агенттігі) ұйымдастырылған.

"Бізде су мәселесімен 6 министрлік, жергілікті атқарушы органдар және "Самұрық-Қазына" Акционерлік қоғамы айналысады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы су дағдарысы су ресурстарын басқару дағдарысының салдарынан болып отыр. Жалпы, біз мемлекеттік органдардың санын көбейтуге қарсымыз, бірақ су шаруашылығын басқаруда үнемдеуге болмайды. Саланың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Қазақстанда су ресурстарын интеграцияланған басқару жүйесін қамтып, еліміздің су қорын жоспарлау, бақылау және ұтымды пайдалану мақсатында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізетін дербес су шаруашылығы ведомствосын құруды ұсынамыз", — деді депутат.

Бұған дейін кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның Су шаруашылығы министрлігін 20 жыл басқарған Нариман Қыпшақбаев Экспресс К тілшісіне сұхбат беріп, трансшекаралық өзендердің тартылуына байланысты пікірін және бұл саланың өз министрлігі болуы керектігін айтқан еді.

21 сәуір 2022 ж. 588 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 182

Түйе бағу – тиімді кәсіп

09 қыркүйек 2025 ж. 141

Жолдар жаңарып, жаңғыруда

09 қыркүйек 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930