Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатор Кіші Аралдағы су деңгейін көтеруге қатысты ұсыныс айтты

Сенатор Кіші Аралдағы су деңгейін көтеруге қатысты ұсыныс айтты

Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы Арал теңізінің солтүстігіндегі Кіші Арал бассейнінде су деңгейінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірді.
 Сенатордың айтуынша, Кіші Аралдағы су көлемі қазір 22 млрд текше метрді құрайды. Ол алдыңғы жылдарға қарағанда 5 млрд текше метрге азайған. Кіші Аралға құятын Сырдария өзенінің суын пайдаланудың қазіргі қарқыны сақталар болса, алдағы 5-7 жылда теңіздің солтүстігі құрғаққа айналып, экологиялық апатқа ұшырауы мүмкін.
Осыған орай Мұрат Бақтиярұлы теңізді сақтап қалу үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Соның аясында су дипломатиясын белсенді жүргізу, суды тиімді пайдалану және тиісті заңдарға өзгертулер енгізудің берері мол екенін тілге тиек етті.

«Осыдан 17 жыл бұрын қабылданған еліміздегі су ресурстарын басқару заңы қазіргі талаптарға жауап бере алмайды. Сондықтан суды пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалып, ол тек суға қажеттілікті реттеп қоймай, су нысандарымен байланысты табиғи экожүйелерді сақтап, суды үнемдеуге ынталандыру үшін тұтыну саласындағы тарифтерді қайта қарап, озық технологияларды енгізуге мұрындық болуға тиіс», – деді Мұрат Бақтиярұлы депутаттық сауалында.
18 наурыз 2021 ж. 2 590 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 27

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 20

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31