Оқушыға ораза ұстау қаншалықты қажет?
Әне-міне дегенше Рамазан айының алғашқы он күндігін артта қалдырдық. Пенденің сабыры мен шыдамы сыналатын шақта бес парыздың бірі – ораза ұстауға көпшілік ниет етті. Олардың қатарында мектеп оқушылары да кездеседі. Осы тұста адамдар арасында екі жақты пікір қалыптасып үлгерді. Бірі «Оқушыларға ораза ұстау қажет емес» десе, енді бірі «Балиғат жасына жеткен әрбір адамның ауыз бекітуге құқы бар» деген ойды құптайды. Тақырып аясында түрлі сала өкілдерінің пікірлерін сұраған едік.
«Нұралы» мешітінің имамы
Оразаны себеп қылудың қажеті жоқ
Ораза ұстау адамдардың шешетін мәселесі емес. Біреулер аш, жап дегенге бір жақты болатын іс немесе мемлекеттік заңдылық емес. Әркімнің ынта-ықылас жүрек қалауы. Жаратушысына деген құлдың рухани байлығы, оған ешкімнің де хақысы жоқ. Оны бұйрықпен тоқтату мүмкін емес. Оған дін тарапынан қойылған шарттары бар. Дінімізде балиғат жасына жетпеген жанға ораза ұстау парыз емес. Ал өз еркімен ұстаймын деген жанға ешкім тосқауыл бола алмайды. Кешегі 70 жыл Кеңестік кезеңде үлкенге де кішіге де діни сеніміне тосқауыл қоя алмады. Ал енді егемендікте діни құндылықтарымызға еркіндік берді, мұсылманшылығымыз қанат жаюы тиіс.
Оразаны себеп қылып әркім өзіне жүктелген Жаратушысының алдындағы жауапкершілігіне немқұрайлы қарауға болмайды. Өйткені әр адам сауап амалды өзі үшін орындайды. Біреудің әлсіздігін көріп бәріне бірдей тыйым салу орынсыз. Бірақ мынаны ескеру керек. Ата-ана тарапынан балиғат жасына жетпеген жанға мәжбүрлеп ораза ұстауға күштемеу керек. Өйткені Қасиетті Құранда «Дінде зорлық жоқ» деген .Есесіне білім алуға үндеуі қажет.
Ардақты пайғамбарымыз с.ғ.с. «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар. Сүйіншілеңдер, бездірмеңдер» деген (имам Бухари) және бір хадисінде пайғамбарымыз с.ғ.с. «Адамның үш нәрсесі тоқтамайды жария садақасы, көпке пайдасы тиетін білім, артынан дұға қылатын игі ұрпақ (имам Муслим). Кез келген ізгілік, оның ішінде ораза толыққанды білім алуға тиянақты істерге кері әсер етпеуі керек. Оразаны себеп қылып әркімнің өзіне жүктелген жауапкершілігіне немқұрайлы қарауына болмайды.
Әліне қарап, әрекет еткен жөн
Мектеп оқушылары арасында ауыз бекітіп, яғни ораза ұстап жүрген оқушылар бар. Жалпы олай айтуға болмайтын шығар әрине, дегенмен оқушылардың ауыз бекітуіне қарсымын. Себебі олар сабаққа келгенде шаршап отырады, ұйқы қысып, сабақтарына салғырт қарап, үй тапсырмасын орындамай жүргендері де кездеседі. Ораза ұстаған адам ол әрекетін міндет қылмау керек, міндет қылса тілегі қабыл болмайды, сауап алмайды деген бар емес пе?! Балалар оны түсінбей тұрған секілді. Бұл жерде ата-ана тарапынан балаға түсіндірме жұмысы дұрыс жүргізілмей, әлсіз баласының алдында дәрменсіз болып тұр. «Ораза ұстаймын деп тұрған балаға қалай қарсы тұрамын» дегеннен басқа уәж айтпайды. Өзім ораза ұстаймын, жұмысыма кедергі келтірмеймін, мен оразамын, шаршап отырмын деп айтпаймын ғой. Олай дейтін болсам, сауабым қайда, мұсылманның бес парызының бірін орындағаным қайда?
Бала мектептің ішкі тәртібіне бағынып, оқушылық міндетін орындауға тиісті. Білім алу керек, сабаққа уақытында дайындалып, бағасын алу керек. Келешек ғылым мен білімнің заманы. Тек сауатты балалар ел басында тұрып, қызмет жасай алады.
Бала мектептің ішкі тәртібіне бағынып, оқушылық міндетін орындауға тиісті. Білім алу керек, сабаққа уақытында дайындалып, бағасын алу керек. Келешек ғылым мен білімнің заманы. Тек сауатты балалар ел басында тұрып, қызмет жасай алады.
дәрігер-терапевт:
Асқазан ауруына алып келуі мүмкін
Біріншіден, діни жағынан айтар болсақ, шариғатымыз бойынша балиғат
жасына жетпеген жас балаға ораза ұстау – парыз емес. Балиғатқа және кәмелетке толмаған жас баланың ораза ұстау кезінде оның организмінде әлсіздік, дәрменсіздік пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай кішкентай бүлдіршіннің денсаулығына кері әсер етуі, сонымен қатар оның толыққанды білім алуына кедергі келтіруі мүмкін. Ата-аналарға осы мәселеге аса көңіл бөлуге кеңес беремін. Кез келген құлшылық, оның ішінде ораза толыққанды білім алуға, тиянақты жұмыс істеуге кері әсер етпеуі керек.
Екіншіден, медицина жағынан айтар болсам, ораза ұстау яғни ашығу деп айтамыз. Ашығу физиологиялық және патологиялық деп екіге бөлінеді. Патологиялық ашығу ұзақ уақыт тамақ ішпегенде немесе астың құрамында кейбір заттар жетіспегенде, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлағанда болатын жағдай. Аталған әр пункт денсаулыққа орасан зор зиян тигізіп, салдары жағымсыз болуы мүмкін. Ал ішек-қарын жолдары ауыратын балалар бұлай тамақтану тіпті жарамайды. Бала ағзасы жеткілікті түрде нәрлі заттарды алу үшін қарны қатты ашқан кезде емес, аздап ашқан кезде тамақтану керек. Ұзақ уақытты ашығудан кейінгі тамақтанудан, іште ауырлық пайда болып, асқазанда тым көп асқазан қышқылы түзіледі, бұл гастрит немесе жараға әкеп соғады.
Балалардағы ұзақ уақыттағы тамақтанбаудың ағзаға тигізер кері әсерін үш кезеңге бөлуге болады. Жеңіл кезең кезінде организмге қажетті энергия көмірсулары мен майлардың тотығулары есебінен түзіледі. Бұл кезде организмнің жалпы және рухани әлсіздігі, қол және ой жұмыстарының әлсіреуі байқалады. Бірақ организмде витаминдердің жетіспеушілігі әлі байқалмайды. Баланың қарын ашу сезімі және тамақ ішуге деген талпынысы сақталады. Тамақ ішкеннен кейін ол жақсы қорытылады. Орташа кезеңі кезінде энергия түзу үшін қан мен бұлшықеттердің нәруыздары пайдалана бастайды. Дене салмағы кемиді. Нәруыздық-энергиялық жеткіліксіздік болады. Қатты әлсіздік, витаминдердің жетіспеуі, баланың селсоқтығы байқалады. Қарын ашу сезімі бәсеңдейді. Өйткені денедегі майлардың азаюынан май жасушаларымен, қарын ашу сезімін туындататын, цитокин-кахехсин өндірілуі төмендейді. Ауыр кезеңі кезінде дене салмағы төмендейді, ауыр авитаминоздар дамиды, салдарлық жұқпалылардың қосылуы, дененің ісінуі, іш өтуі, ішкі ағзалардың дистрофиялық бүліністік өзгерістері байқалады.
Балалар арасында ұзақ уақыт тамақтанбау он бес тәуліктен аз болуы қажет. Одан кейін қалыпты қоректенуге біртіндеп көшу керек.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА