Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың ораза ұстағаны дұрыс па?

Балалардың ораза ұстағаны дұрыс па?

Рамазан айында ораза ұстау әр мұсылманға парыз етілген. Алайда соңғы кездері ауыз бекітіп жатқандардың жасы жылдан-жылға кішірейіп барады. Әсіресе, студенттер мен мектеп жасындағы балалар арасында ораза ұстау сәнге айналғандай, деп жазады Экспресс К.

Жасөспірімдердің ораза ұстауына қатысты қоғамдағы пікір екіге жарылған. Бірі 5 парыздың бірін өтегендері дұрыс десе, келесілері бұғанасы қатпай жатып, мұндай қадамға бару орынсыз деп санайды. Бұл тақырып қазір ғаламторда да қызу талқыланып жатыр. Журналист Айгүл Болатханқызы Facebook-тегі парақшасында осыған қатысты жазба қалдырды.
"Бұл күнде бозбала, бойжеткен, жасөспірімді қойып, кішкентай бала да ауыз бекіткіш. Мейлі ғой. Бірақ… Ағзаға дәрумен жетіспеушілігі күшейген көктемгі кезде ораза тұтудың пайдасынан зияны көп пе, аз ба? Мейлі дейсің. Құласа біреудің баласы, ауырса біреудің баласы, ешкімнің ешкімде шаруасы жоқ. Бірақ… Мен секілді әжесі құйрықмай сорғызып, дәрі орнына түрлі шөпті қайнатып компот қып ішкізіп өскен ұрпақ емес бұлар. Сүйек мүжіп, сорпа мен айран ішіп өскен менің қасымда порошок пен тауықтың сирағын жеп жетілген қазіргі жастардың "батарейкасы" тез таусылады, кішкене қимылдаса діңкесі құрып, сұлай кеткісі келеді. Қалай айтса да, әлсіз ұрпақ", — деп жазды Айгүл Болатханқызы.

Журналистің жазбасына пікір қалдырғандар көп. Олардың басым көпшілігі оқушылардың ораза ұстауына қарсылық білдірген.
"Мектеп оқушыларына қарап, түңіліп кетемін. Ораза ұстап, әдемі тамақ жеу, үлкендермен жағаласып ауызашарға бару олар үшін сән! Сабақта көздері қарауытып, бастары ауырып, әлсіреп отырады. Ата-анасы қайда қарап отыр?! Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында баланың денсаулығына обал ғой. Әсіресе, сыртта жүрген студенттерге жаным ашиды", "Мен де оқушы балалардың ораза ұстағанын дұрыс деп есептемеймін. Өсіп келе жатқан ағзаға уақытылы қорек керек, уақытылы ұйқы керек", "Жастар мен балалардың ораза ұстауына өте сақтықпен қарауымыз керек", "Бастауыштың оқушысы ораза ұстауда. Жас ағзаға қорек керек. Неге ата-ана ойланбайды?", — деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.

Алайда бұл пікірмен нейропедиатр Гүлдана Шойбекова келіспейді. Тәжірибелі дәрігер керісінше баланың 1 ай ас-судан тыйылуы денсаулыққа пайдалы дейді. Бірақ ораза ұстар алдында әр бала медициналық тексеруден өтуі керек.
"Дәрігер ретінде айтарым, егер баланың денсаулығы жақсы болса, ораза ұстауда тұрған ештеңе жоқ. Керісінше, пайдалы. Қазір біз сигр, сибр деген диагнозды екінің біріне қойып жатырмыз. Бұл — ішек аурулары. 5-12 жас аралығында көп кездеседі. Қазір тамақтану үрдісі қатты өзгеріп кетті. Бұл содан пайда болатын ауру. Айран, сүт, иогурт барлығына қант қосылады. Бұдан бөлек балалар тәттіні көп жейді. Соның кесірінен аурушаң балалар көп. Ал ораза ұстаса, тым болмағанда 1 ай болсын асқазаны, ағзасы тәттіден тазарып қалатын еді", — дейді Гүлдана Шойбекова.

Ал исламда балиғат жасына толған балаға ораза ұстауға рұқсат етілген. Қыз балалар 9 жастан бастап, ал ер балалар 12 жастан бастап отыз күн ораза ұстауына болады. Дін өкілдері осы көрсетілген жасқа жетпеген балақайларға ағзаны үйрету үшін ауызды ертерек ашуға, жарты күн бекітуге, оразаға үйрену мақсатында жеңілдіктер жасауға болады дейді.
06 сәуір 2022 ж. 2 344 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930