Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сан саланы қамтыған серіктестік

Сан саланы қамтыған серіктестік

Қазалының құрылыс жұмыстары жыл санап жанданып, сәулеттік келбеті жақсаруда. Жылдан-жылға жаңа нысандар бой түзеп, қасиетті өлке қарқынды дамып келеді. Бірінен бірі ерекшеленетін көрікті ғимараттарды тұрғызып, туған жердің өсіп-өркендеуіне құрыш қолдылардың жасап жүрген үлесі зор.
Солардың қатарында Әбдімәлік Сәдуақасұлы басқарып отырған «Намыс-Құрылыс» жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігін атауға болады. Жиырма жылдан аса уақыт бұрын ашылған серіктестік ел аумағында жарияланатын мемлекеттік сұра­нысқа қатысты. Еткен еңбегі арқылы сапалы көрсеткіштерімен уақыт талабына сай мезгілінде құрылыс нысандарын тапсырып келеді. Осы кезге дейін қаншама қиындықты артта қалдырған білікті басшы аудандағы іргелі серіктестік жұмысын алға жылжытуда тынбай тер төгуде.
«Намыс-Құрылыс» ЖШС құрылғалы қыруар шаруа атқарылды. Соның ішінде, Аранды, Ақтан батыр ауылдық округтерінде, Шәкен учаскесінде бір пәтерлі тұрғын үй, Ғ.Мұратбаев, Алға, Ақжона, Сарыкөл, Бірлік ауылдарында тұрғын үй, Бозкөл ауылындағы емхана, Жалағаш ауданындағы Жаңа қоныс елді мекенінде медициналық бекет және Әйтеке би кентінде ипотекалық үйлер мезгілінде ел игілігіне берілді. Ақтөбе облысы бойынша Шұбарқұлақ, Қандағаш стансалары, Ақтөбе қаласында РИВЦ ғимараты, Атырау облысы Ганюшкино, Маңғышлақ, Сексеуіл стансаларындағы ғимараттар, Әйтеке би кентінде №5 кәсіптік лицейдің 200 орындық жатақханасы, №28 “Ақбота” балабақшасы, №8 кәсіптік лицей, Қожабақы ауылындағы №17 “Айгүл” балабақшасы, №170 орта мектеп, Қазалы каласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы клубқа жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары абыроймен тапсырылды.
2010 жылы Тасарық ауылында 100 орындық мектеп уақытында пайдалануға берілді.
– Серіктестіктің құрылыс базасын кеңейту жоспарда бар. Қазір ұжымда 50 адам еңбек етеді. Жұмыстың жүйелі орындалуын орынбасарым Жанболат Сәдуақасов ұтырлы қадағалайды. Сондай-ақ өз ісінің шеберлері өндірістік техникалық бөлімнің басшысы Мергенбай Кенжалы, жұмыс өндіруші Әбдірахман Алтынбаев, өндірістік база меңгерушісі Нұрлан Кенжебаев өз саласындағы тәжірибелігімен ерекшеленеді.
Сонымен қатар Абылай Сазанбаев, Бахтияр Аролов, Болатбек Жандос, Бауыржан Бақытжанұлы, Темірбек Биманов, Нұрлан Досмырзаев, Байтелі Дәуқара, Ержан Елеубай, Дастан Алпысбаев, Тимур Қыдырбаев, Қыпшақ Сәрсенбай, Сансызбай Нұржігітов тапсырманы жедел ұйымдастыра білетін қасиетке ие. Жұмысшылар арасында жұмысқа деген ынтасы мол жастар да бар, – дейді Әбдімәлік Сәдуақасұлы.
Үлкен отбасында тәрбиеленген Әбдімәлік Өтеулі әкесі Садуақастың қарапайымдылығы мен қанағатшылдығын бойына сіңіріп өскен. Сондықтан да мұқтаж жандарға қайырымдылық пен қолдау жасауды үрдіске айналдырған. Жомарт басшы ауданда өткізілетін шаралардан шет қалмай, қолынан келгенінше көмек беріп, ел қуанышына ортақтасады. Тұрмысы төмен отбасының балаларына мектепке қажетті бұйымдарды алуға қаржылай қолдау көрсетеді. Аудандағы “Намыс” футбол командасына және “Эволюшн” жайдарман тобына ұдайы демеушілік жасап келеді.
2017 жылы құрылыс саласына қажетті заттарды тасымалдау мақсатында “Әлижан” атауымен серіктестік маңынан жеке кәсіппен айналысатын “Ернұржан” деген дүкен ашады. Мұнда тұрмысқа керек құрылыс бұйымдарының барлық түрлері бар. Өнімдердің сапасы мен бағалары қалтаға тиімді. Халықтың сұранысын қанағаттандырып тұрған дүкеннің заттарына тапсырыс беріп, оны жүйелі сатылуын бақылайтын Нұртуған Өтеулі тұтынушылардың көңілінен шығуда. Қазалылықтарға қызмет көрсететін Гүлзат, Ілес сынды қыз-жігіттер келушілердің қалауын орындап, тиісті кеңестерін де беруде. Бұдан бөлек алысқа бармай-ақ дүкен жанынан автокөлікке көмек көрсететін “Техникалық жөндеу орталығы” жұмыс істеп тұр.
Аудандағы көптеген құрылыс нысандарында өз қолтаңбасын қалдырған «Намыс-Құрылыстай» жауапкершілігі зор серіктестікке әр жылдары “Сала көшбасшысы” ұлттық сертификаты табысталды. Сонымен бірге серіктестік ісін дөңгелеткен басшыға аудан және облыс әкімдерінің Алғыс хаттары табысталып, “Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы” атағы, Қазақстанның “Даңқ”, “Экономика Даңқы жұлдызы” төсбелгілері ұсынылды.
Ісі алға басқан серіктестік басшысы жұмысшыларға қажетті жағдай жасап, ауданның көркеюіне барынша атсалысатынына сенім мол.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
26 ақпан 2022 ж. 420 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 58

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 111

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 121

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 85

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031