Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бекарыстан би ауылындағы ауыз су сервистік желіге қосылатын күн жақын

Бекарыстан би ауылындағы ауыз су сервистік желіге қосылатын күн жақын

Қазалы ауданындағы іргелі елді мекендердің бірі – Бекарыстан би ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын бұған дейін де айтқан болатынбыз.
Бүгінгі күні елді мекендегі ауыз суды сервистік желіге қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевтың айтуынша, жобада барлығы 19,3 шақырым полиэтиленді құбырларын жүргізу және 153 дана көру құдықтарын орнату қаралған. Бас мердігер «Намыс Құрылыс» ЖШС жергілікті жерден 8 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғанда елді мекенде 464 тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Қазіргі таңда Бекарыстан би ауылында 17,7 шақырым ауыз су желілері тартылып, 92 дана темірбетон құдықтар монтаждалып, орнатылды. 430 тұрғын үйге және 3 мекемеге сервистік құбыр жүргізілді.
Келісім-шарт бойынша ауылдағы ауыз суды сервистік желіге қосу желтоқсан айында тапсырылуы қажет. Алайда серіктестік жұмысшылары құрылысты қарқынды жүргізуіне байланысты қазан айының алғашқы он күндігінде жұмыс толық аяқталады деп жоспарлануда.
"Қазалы" ақпарат
09 қыркүйек 2020 ж. 1 251 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 167

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031