Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағытындағы нысандардың жұмысымен танысты

Аудан әкімі ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағытындағы нысандардың жұмысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бағытындағы нысандардың жұмысымен танысты.
Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентінің шет аумағында орналасқан Есет Серімов жетекшілік ететін «Жеңіс» шаруа қожалығына барды. Қожалық 2000 жылдардан бүгінге дейін жылқы және түйе малын өсірумен айналысып келеді. Қазіргі таңда шаруашылық қарамағында 401 бас қазақтың айыр өркеш түйе малы, 616 бас қазақтың жабы жылқы малы бар. Бүгінде шаруашылық түйе малының сүтінен әзірленетін шұбат өндірумен тұрақты түрде айналысып келеді. Аудан әкімі шаруа қожалығының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, шаруа қожалығын кооперативке айналдыру, субсидия мәселелері бойынша пікір алмасты.


Шаруа қожалығынан кейін, Әйтеке би кентінде орналасқан жеке кәсіпкер Төребек Игіліковтың балық өңдеу цехына барды. Мұнда кәсіпкер цех ішінде өнім өңдеуге арналған, соңғы үлгідегі технологиялық жабдықтармен жасақталған бөлмелерді таныстырып, барлығы да бүгінгі күннің талабына сай екендігін жеткізді. «Игіліков Т» шаруа қожалығы – 2006 жылдан бастап балық шаруашылығымен айналысып келе жатқан аудандағы іргелі кәсіпорын. Сол уақыттан бүгінге дейін су маржандарын мұздатқышта сақтап, балық өнімдерін Дания, Белоруссия, Грузия және Ресей сынды мемлекеттерге экспорттап отыр. 20-дан астам адам жұмыспен қамтылған цехта тәулігіне бір тоннадан астам балық өнімдері шығарылады.
Аудан әкімі цехты аралау барысында кәсіп иесімен өндірісті кеңейту, өнім сапасын арттыру, экспортқа шығару бойынша сөз қозғап, кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған мәселелерді талқылады.
Алмасбек Әбілқасымұлы мұнан кейін жеке кәсіпкер Ағниет Бауыржанның «BAURZHAN PLAST» пластикалық есік, терезелер шығаратын цехымен және көрмесімен танысты. Бүгінде өндіріс орнынан шығарылатын пластик есік, терезелер ауданымыздағы құрылыс саласында үлкен сұранысқа ие. Мұнда пластикалық есік-терезелердің заманауи үлгідегі түрлері де шығарылуда. Кәсіпкер бүгінде 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Аудан басшысы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағытындағы мұндай жобалардың ел экономикасының дамуына, халықты жұмыспен қамтуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосар үлесі зор екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан мұндай жобаларға тиісті қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
25 қараша 2025 ж. 25 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 108

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 114

Жантақ жараны жаза ма?

25 қараша 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930