Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі аудандық мәслихаттың кезектен тыс 45-інші сессиясына қатысты

Аудан әкімі аудандық мәслихаттың кезектен тыс 45-інші сессиясына қатысты

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 45-інші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер басшылары және жеке кәсіпкерлер қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде «Қазалы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», «Орман қоры жерлерін елді мекен жеріне ауыстыру туралы» және «Қазалы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» сынды үш мәселе қаралды.
Сессияда аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы сөз сөйлеп, сессияда қаралған мәселелер тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуге, кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға және елді мекендердің жер көлемін кеңейтуге тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер екенін жеткізді. Сонымен қатар сессияда қаралған аудан бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету туралы шешім кәсіпкерлікті дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған өте орынды әрі уақытылы шешім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік субъектілеріне барынша жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Салық мөлшерлемесін төмендету – кәсіпкерлерге жасалған үлкен қолдау. Бұл ауданымызда шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жалпы экономикалық белсенділіктің артуына ықпал етеді, - деді аудан басшысы.
Жиында жеке кәсіпкерлер атынан Алтынкүл Құрақбаева кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілгені үшін алғысын жеткізіп, бұл кәсіпкерлер үшін үлкен көмек екенін жеткізді. Сессия соңында депутаттардың дауысқа салу қортындысымен тиісті шешімдер қабылданды.
25 қараша 2025 ж. 28 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 108

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 114

Жантақ жараны жаза ма?

25 қараша 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930