Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT»: Қазалыда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салық мөлшерлемесі төмендетілді

«AMANAT»: Қазалыда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салық мөлшерлемесі төмендетілді

Келесі жылдан бастап елімізде салық салу жүйесін түбегейлі реформалауды көздейтін жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Яғни, 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізудің жаңа ережелері енгізіледі. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы оңайлатылған декларация негізінде арнайы төлем мөлшерін төмендету туралы бастама көтерген еді. Бұл бастама кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға бағытталған және әр өңірдегі мәслихат шешіміне сәйкес жүзеге асады.

Осы бастаманың жалғасы ретінде Қазалы аудандық мәслихатының кезектен тыс 45-інші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, депутаттар, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер басшылары және жеке кәсіпкерлер қатысты. Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды, соның ішінде Қазалы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі де қаралды.

Аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы бұл шешімнің жалпы экономикалық белсенділікті арттыруға тікелей ықпал ететінін атап өтті. Аудан бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету шешімі шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған маңызды әрі уақытылы қадам болып табылады.

Жеке кәсіпкерлер аудандағы салық мөлшерлемесінің төмендетілуін алдағы жұмыстарына үлкен көмек деп бағалап, алғыстарын білдірді. Сессия соңында депутаттардың дауыс беру нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданды. Осылайша, «AMANAT» партиясының шағын және орта бизнесті қолдау мақсатындағы бастамасы Қазалы ауданында толықтай қолдау тапты.

#AMANAT
25 қараша 2025 ж. 57 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 108

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 114

Жантақ жараны жаза ма?

25 қараша 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930