Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында тұрғындарды электр энергиямен қамту бағытында 3 жоба жүзеге асуда

Қазалы ауданында тұрғындарды электр энергиямен қамту бағытында 3 жоба жүзеге асуда

Биыл Қазалы ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен тұрғындарды электр энергиямен қамту бағытында жалпы құны 2,4 млрд. теңге болатын 3 ауқымды жоба жүзеге асуда. Соның бірі – Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы жаңадан ашылған кварталдардағы нысандар мен тұрғын үйлерге керекті электр энергиясының қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылысы.
Аудан әкімі Әйтеке би кентінің аумағында салынып жатқан қосалқы стансаның құрылысын көріп, мердігер мекеме «Энергомера» ЖШС-нің басшысы Ерболат Мұқашевпен кездесті.
Қазіргі таңда қосалқы стансасының фундаменттік блоктары, 32 дана темір бетон бағаналары орнатылып, 4 шақырым ВЛ-35 кВ әуе желісі, 110 метр қосалқы стансасын қоршау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде биылғы жылға қосалқы стансаның құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржы толық игеріліп, құрылыс-монтаж жұмыстарының 45 пайызы орындалып отыр.
Аудан басшысы қосалқы стансаның құрылыс барысымен егжей-тегжейлі танысып, аталған нысанның іске қосылуы нәтижесінде Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы арасындағы жаңадан игерілген тұрғын кварталдарын сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігі артатындығын жеткізді. Сондай-ақ жоба бұл аумақтағы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың электр қуатына деген сұранысын өтеп, инфрақұрылымды дамытуға елеулі серпін беретінін айтты.
Осыған сәйкес, мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту бағытындағы жобаның сапалы әрі тезірек аяқталуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік, Қазалы ауданында бұдан бөлек, Қазалы қаласының электр желілерін толық жаңарту мен «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Қожабақы ауылының электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде, аудан бойынша жыл соңына дейін электр желілерінің тозу денгейі 69 пайыздан 67 пайызға төмендету жоспарланып отыр.
25 қараша 2025 ж. 25 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 108

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 114

Жантақ жараны жаза ма?

25 қараша 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930