Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баға тұрақтылығы бақылауда

Баға тұрақтылығы бақылауда

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында арнайы құрылған жұмысшы топпен бірге Әйтеке би кентіндегі бірқатар ірі және шағын сауда орындарын, азық-түлік дүкендерін, сондай-ақ орталық базарды аралады.
Тексеру барысында аудан басшысы тұрғындар күнделікті тұтынатын негізгі 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің – ұн, нан, макарон, күріш, қант, күнбағыс майы, ет пен жұмыртқа, сүт өнімдері және маусымдық көкөніс түрлерінің қазіргі сатылымдағы бағасына жан-жақты талдау жасап, сатушылармен және кәсіпкерлермен жеке-жеке пікір алмасты.
Алмасбек Есмаханов азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу қажеттігін баса атап өтіп, кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілік танытуға, халықтың тұрмыстық жағдайын ескеруге шақырды. Сонымен қатар, тексеру барысында аудан әкімі тауар сапасына, өнімнің жарамдылық мерзіміне ерекше мән беріп, дүкендер мен базар аумағындағы санитариялық тазалықтың сақталуын, қойма және сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалады. Осы бағытта тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, кемшіліктер болса, шұғыл шара қолдану керектігі ескертілді.
– Халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығы – өңірдегі әлеуметтік жағдайдың басты көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан біз бұл бағыттағы бақылау жұмыстарын жүйелі әрі үздіксіз жүргіземіз. Кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастықты нығайта отырып, тұрғындардың әлеуметтік мүддесін қорғауға бар күшімізді саламыз, – деді аудан әкімі.
Айта кету керек, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл шара аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және баға тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
25 қараша 2025 ж. 19 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 19

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 18

Жантақ жараны жаза ма?

25 қараша 2025 ж. 21

Тазалық – басты талап

25 қараша 2025 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930