Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қыс-2025»: төтенше жағдайға дайындық пысықталды

«Қыс-2025»: төтенше жағдайға дайындық пысықталды

Жуырда аудан әкімінің қатысуымен «Қыс-2025» облыстық штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылып, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындық деңгейі тексерілді.
Бұл оқу-жаттығу азаматтық қорғау жүйесінің, авариялық-құтқару қызметтері мен халықтың қиын ауа-райына бейімделу қабілетін арттыруға бағытталған. Шара арқылы азаматтық қорғау құрылымдарының нақты жағдайда әрекет ету дағдылары пысықталды.
Оқу-жаттығу 20-21 қараша күндері өтті. Командалық-штабтық жаттығулар аясында авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау бөлімшелерінің практикалық іс-қимылдары жан-жақты тексерілді. Саптық қарауға азаматтық қорғау және авариялық-құтқару қызметтерінен 71 бірлік техника, 213 жеке құрам қатысып, олардың дайындық деңгейі бағаланды. Сонымен қатар электр сиреналары іске қосылып, құлақтандыру жүйесінің жұмысы тексерілді, төтенше жағдай кезінде хабарлау жүйесінің сенімділігі қамтамасыз етілді.
Оқу-жаттығу аудан аумағында үш кезеңде ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде жеке құрамның дайындық сапасы мен техникалардың жарамдылығы тексерілді. Екінші кезеңде ауа-райының қолайсыздығына байланысты Батыс Еуропа-Батыс Қытай автотрассасында жолда қалған жолаушыларды құтқару, апатқа ұшыраған адамды көлік ішінен шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары пысықталды. Ал үшінші кезеңде «Қазалы Теміржолжылу» мекемесінде орын алған ақаулықтарды жою және қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру шаралары бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары жаттығу ретінде жүзеге асырылды.
Аудан әкімінің қатысуымен өткен оқу-жаттығу қысқы кезеңде төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету қабілетін нығайтуға және азаматтық қорғау жүйесінің үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара болды. Шара барысында жеке құрам мен техника дайындық деңгейін арттыру, нақты сценарийлер бойынша тәжірибе жинау арқылы төтенше жағдайларда жылдам және тиімді әрекет ету дағдылары пысықталды.
25 қараша 2025 ж. 11 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 19

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 18

Жантақ жараны жаза ма?

25 қараша 2025 ж. 21

Тазалық – басты талап

25 қараша 2025 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930