Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалқаулықты қалай жеңеміз?

Жалқаулықты қалай жеңеміз?

«Еріншектің ертеңі бітпес» деген дана бабаларымыз ұйқы мен күлкіні, тамақты үш арсыздың қатарына жатқызады. Жалқаулық – жас талғамайтын жаман ауру, жеті жұттың бірі. Осы еріншектікті қалай жеңеміз?
Қандай да бір позитивті қырына қарамастан, жалқаулық адамның дамуын тежеп, өмір сүру сапасына кері әсер етеді. Бүгін бітетін істі ертеңге қалдыру адам энергиясын тауысады.
«Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны» деп ұлы Абай бекер айтпаса керек-ті. «Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады» деп тағы жалғайды. Кейде қай істі болмасын қиынсынып, ертеңге ысырып тастаймыз. Мұның соңы еріншектікке әкеледі. «Диқаншы нанын жейді, еріншек арын жейді» демекші, жалқаулық – жүректің тынышын, тәннің тынысын бұзатын дерт. Ал еріншектің сылтауы көп. Жағымсыз қасиет жалқаулықты қалай жеңеміз? Осы сұрақ төңірегінде пікір алмасқан едік.

Жаннат Ержігітова, аудандық мәслихат депутаты:
– Жалқаулықты жеңудің басты жолы – жоспармен жүру, әр күнді жоспарлау. Сонда уақыт та босқа өтпейді. Әр күнді жоспарлау адам үшін өз өмірін, болашағын ұйымдастырудың ең қуатты құралы. Жыл айдан, ай күннен, күн сағаттан, сағат минуттан, минут секундтардан тұратынын ескерсек, әр секунд бағалы, қайта берілмейтін құндылық. Ұлы Абай да өзінің он бесінші қара сөзінде «Естілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте өзіңнен өзің есеп ал. Алдыңғы есеп бергеннен бергі өмірді қалай өткіздің екен? Өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» дейді ғой.
Қазіргі кезде «Хоббиіңді кәсіпке айналдыр» деген ұстаным бар. Яғни, сүйікті ісі, жақсы көретін жұмысы бар адам жалқау болмайды. Адам өмірде өзіне не керегін, нені қалайтынын білсе, жалқаулануға уақыты болмайды. Яғни, тұлға ретінде өзіндік мақсаты, арманы бар адам өмірінен мән табады, бүгін жасау керек істі ертеңге қалдырмайды. Билли Уайлдер айтқандай, «Таңертең ерте ояну үшін арманыңыз болса, жеткілікті».

Мейірбек Бердібайұлы, бизнесмен:
– Негізі психологтардың айтуынша, жалқаулық – мидың мағынасыз әрекеттерге қарсы реакциясы. Мәселен, қонақта болып, сол үйде қонып қалдыңыз. Таңертеңгі 5-тің кезінде сол үйде балалар мазасызданып, жылап жатса, сіз оны естімей, ұйықтай беруіңіз мүмкін. Ал өз балаңыз жылап жатса, бірден оянып кетесіз. Яғни, жалқау адамның сылтау іздеуі жағдайдың маңыздылығына байланысты. Жалқау болмау үшін жасап жатқан әрекетіңіздің маңызын, болашағыңызға әсерін түсіну керек.
Жалқаулықты психологиялық және физикалық деп бөліп қарастыруға болады. Кейде адам физикалық тұрғыдан шаршамай, энергиясы болса да, бір әрекетті жасағысы келмейді. Бұл психологиялық шаршаудан туындаған жалқаулық десек болады.
Жалқаулықтың ішкі қарсылықтан туындайтынын атап өттік. Оны қалай жеңуге болады? Адамға өзі өмір сүріп жатқан ортасы, жұмыстан алатын айлығы, өмірі «комфорт зонасын» сыйлауы мүмкін. Яғни, сыртқа шығып қарамаса, ол өзінің батпақта тұрғанын білмейді. Жалқаулықты жеңу үшін жақсы өмірге, мақсаттарыңа деген құлшыныс болу керек. Мысалы, бізде бизнес саласында қаншама бәсекелес бар. Қиындық болмай тұрмайды. Сондай сәтте де әрекетіңді тоқтатпай, соңына дейін жұмыс істеуге іштей ойлаған мақсатың себеп болады.

Баян Ермаханова, Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің психологі:
– Психолог ретінде жалқаулықтан құтылудың бір ғана жолы, ішетін дәрісі жоқ екенін айтқым келеді. Адамның өз-өзімен жұмыс істеуіне тікелей ­байланысты. Жалқаулықты жою үшін ең алдымен адам алдына мақсат қойып, тұлға ретінде ішкі қалауын түсініп, соған жету үшін әрекет ету керек. «Мотивация» деген жауыр болған сөз сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ адам өзін кешегі өзімен салыстырып, ынталандырып отырмаса, болмайды.
«Армандар орындалады, мақсатың айқын болса» демекші, арманға жету жолында нақты мақсат қойып, жоспарлы жұмысқа көшу маңызды. Мысалы, жоспарлағанда осы аптада ең қажетті деген жұмыстарды атқарып, артық жүктемені алып тастау керек.
Жалқаулыққа салынуға бір себеп – өзінің күш-жігерін дұрыс есептемеу. Физикалық тұрғыдан өзінің энергиясын шамалап, аз-аздан үздіксіз жұмыс істеген адам жетістікке жетеді әрі жалқауланбайды. Өзін сүйетін, өзін танитын адам уақытын, энергиясын дұрыс жұмсап, демалыс пен мақсатқа жету жолындағы жоспарын таразылай алады.

Дина БӨКЕБАЙ

09 қазан 2021 ж. 1 674 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 60

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 61

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 50

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031