Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Армандар орындалсын десеңіз

Армандар орындалсын десеңіз

«Армандар туралы өзгелерге айтуға болмайды. Алдымен, оған жетіп алу керек, одан кейін ғана айтуға болады» деген жаңсақ пікірге қатып қалмаңыз. «Жақсы сөз – жарым ырыс» екендігін ешқашан естен шығармаңыз!

АРМАН – КҮШ-ҚУАТ

Адам ешқашан өзіне жамандық тілемейді. Сондықтан жаман нәрсені ойламайды. Ал, жақсы нәрсені ойлау адамға ерекше күш-қуат сыйлайды. Бос қиял болса да адам қиялдау арқылы бақытқа бөлене алады. Өйткені адам жақсы нәрсені ойлағанда оның жүйке жүйесінде, жүрегінде, бүкіл қантамырларында қан жүгіріп, жақсы көңіл-күйге бөленеді. Бұл «бақыт гормоны» деп аталатын эндорфин бөлініп шығуымен байланысты. Көп қиялдаған адам жас көрінеді. Армандау адамның ішкі энергиясы толығып, болашағын айқын көре алатын, ұмтылысын арттыратын және жақсы өмір сүруге деген ынтасын күшейтетін қасиетке ие.

АРМАН – КҮЙЗЕЛІСТЕН САҚТАЙДЫ

Адам қиялдану арқылы күйзелістен шыға алады дегенге сенесіз бе? Бұл да мүмкін екен. Қиналып, өз мәселелерімен басын ауыртып жүрген адамға қиялы көмекке келеді. Жер бетінде сіздікінен де ауыр, сіздікінен тіпті бірнеше есе үлкен проблемалары бар адамдар да бар екенін естен шығармаңыз. Қиял – тек қана позитив сыйлайды. Сондықтан, күйзелістің құрсауында қалсаңыз да, қиялды шектемеңіз! Қиялдаудан шаршамаңыз. Ол сізді жарқын болашаққа жетелейді.

АРМАН – СТИМУЛ

Қандай да бір істі қолға алған болсаңыз, ол ауыр ма, жеңіл ме бәрібір, оның жиынтығы сізге қандай қуаныш алып келерін елестетіңіз. Қиял – бұл көз алдыңызға елестету. Бұл сіздің қолға алған, сүйіспеншілікпен бастаған ісіңізден рахаттануға, шабыттануға көмектеседі.

Егер қолыңыздан келмей жатса, еңсеңіз түсіп, арман-қиялдың барлығын «көк сандыққа» салып, құлыптап тастамаңыз. «Жүрген аяққа жөргем ілігеді», «Қимылдаған қыр асады» демекші, әрекеттің соңы міндетті түрде берекет, игіліктен тұрады.

АРМАН мен ЖАЛҚАУЛЫҚ

Арман мен жалқаулықты дос етпеңіз. Аяқты созып, шалқаңыздан жатып, «алма піс, аузыма түс» деуге болмайды. Қиялдау деген бұл емес. Қиял мақсат, еңбек, әрекетпен біріккенде ғана нәтижеге қол жеткізе аласыз.

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

Жақсы ой – жақсылықты шақырады. Армандарыңызды бір арнаға тоғыстырып, басқара біліңіз, сол кезде ғана айқын мақсатыңызға жетесіз.

Әр адам болашағы жайлы қиялға берілгенде әр нәрсенің басын бір шалмай, тұрақты, нақты қандай нәтижеге жеткісі келеді, соны анықтап алуы тиіс. Бүгін қиялдап отырған нәрсеңіз жайлы ертең ұмытып қалу қиялыңыздың шындыққа айналатынына кепілдік бермейді әрине.

Ең негізгісі – қиялды фантастикамен, яғни, қиял-ғажайыппен шатастырып алмаңыз. Мысалы, шынайы өмірде орын алуы мүмкін емес жағдайлар болады. Ұшатын қанатым болса немесе сүйікті актеріммен бірге киноға түссем, сиқырлы таяғым болса, қалағаныма оп-оңай қол жеткізсем деген жеңіл ойдан аулақ болыңыз.

Бастысы, шынайы өмірден алыстап кетпесеңіз болғаны. Сондай-ақ сеніңіз. Ал оқырман, сіз жаңа жылға дейін қай арманыңыздың орындалғанын қалайсыз?
ernur.kz


13 ақпан 2020 ж. 1 862 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930