Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәкірт жүрегіне жол тапқан

Шәкірт жүрегіне жол тапқан

Ұлт ұрпағының ұғымтал болып өсуі ұс­таздарға байланысты. Өйткені халқымыз ертеден мектеп табалдырығын аттаған әр баланың санасына «Мектеп – екінші үйің, ұстаз – екінші ата-анаң» деген ұғымды сіңіріп келеді.
Бойжеткен шағында ұстаздық деген ұлы жолды таңдап, бүгінгі күнге дейін мамандыққа деген адалдығын абыройлы ісімен көрсетіп келе жатқан жанның бірі – Гүлсара Боранбаева.
Гүлсара Қыпшақбайқызы 1968 жылы Лахалы елді мекенінде дүниеге келген. №93 сегізжылдық мектептен сегізінші сыныпты бітіріп, 9-10 сыныпты Шымкент қаласындағы №7 Қ.Сыпатаев атындағы мектепте жалғастырды. 1987 жылы Ақтөбе педучилищесіне түсті. Алғаш еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы Сазды орта мектебінде бастады. 1994 жылдан бері Әйтеке би кентіндегі Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектебінде жұмыс жасайды.
Мектеп табалдырығын имене аттаған талай бүлдіршіннің алғашқы ұстазы атанып, үлкен өмірге қадам ­басуына септігін тигізді. Әр баланы жанына жақын тартып, білім нәрімен сусындатып келеді. Ұстаз еңбегінің нәтижесі шәкірт жетістігімен өлшенері анық. Гүлсараның оқушылары мектеп мерейін үстем етіп жүр. Бүкілресейлік дүниетану пәнінен олимпиадада 2 сынып оқушысы Жансерік Әшірбек бірінші, Бақдаулет Жақсылық, Диас Мұқтар екінші, математика пәнінен Нұрай Көптілеу, Жансерік Әшірбек екінші орын иеленді. ­«Бастау» республикалық математикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 3 сынып оқушысы Диас Мұқтар II, «Білім академиясы» оқу орталығы ұйымдастырған І облыстық турнирде қазақ тілі пәнінен Кәусар Омарғазы ІІІ, математикадан Нұрай Көбейсін, Сая Жұмахан, Динара Өтеген ІІІ, Жаслан Арсен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІІ облыстық «Orda – Junior – 2019» ғылыми жоба байқауында Кәусар Омарғазы ІІІ орын иеленді. №10 ұлттық интернет олимпиадасында Нұрсұлтан Сахитжан, қазақ тілінен Кәусар Омарғазы, Динара Өтеген І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Гүлсара Боранбаеваның 2012 жылы «Мир учителя» сайтына – «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру жолдары» атты ­баяндамасы жарияланды. Тілдерді оқытудағы жаңа әдістемелік көзқарас – ІІ халықаралық форумда «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың қажеттілігі» баяндамасы, «Қазалы қаласының іргетасының қалануы» атты ғылыми жобасы жинаққа енді. Ұстаздық жолда атқарған адал еңбек ешқашан бағасыз қалмайды. Аудан әкімінің Алғыс хаты, «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалының, TIO.kz Республикалық Дәстүрлі интернет олимпиадасының Құрмет грамотасы, KIO – Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасынан І дәрежелі, «Бастауыш білім беру педагогикасы» пәнінен ІІ дәрежелі, Парасат республикалық білім сайтының «Мұғалім мәртебесі – ел мерейі» атты байқауда І дәрежелі диплом иеленді.
– Қазір мектептен ұшқан түлектерім әрбір жерде еңбек етіп жатыр. Айта кетер болсам, Еркебұлан Жетесов, Жанна Есбосынова, Ғабиден Айтуғанов, Райса Ераділова, Алмагүл Аяпберген, Тоғжан Жетілген, Әліби Жоламан, Нұрғиса Төлеу тағы басқа көптеген шәкірттерім түрлі мамандықты меңгеріп, еңбек етуде, – дейді ол.
Алғашқы ұстазы шәкірттерімен мақтанса, сынып жетекшісіне еліктеп ұстаздық жолды таңдаған оқушылар да жоқ емес. Солардың бірі – Ақмарал Асанова. Ол Семей қаласындағы Ш.Құдайбердиев атындағы университетте “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінің мұғалімі мамандығында оқиды.
– Мұғалім болуды бала күнімнен армандадым. Оған алғашқы ұстазым Гүлсара Қыпшақбайқызының ықпалы зор болды. Апайымның өзін ұстауы, жүріс-тұрысы, балаларға деген қамқорлығы ерекше. “Мен де өскенде Гүлсара апайдай ұстаз боламын” деуші едім. Шүкір, сол арманға жету жолында білім алудамын, – дейді ол.
Ал ұстаз Гүлсара Боранбаева: “Бұл мамандықты жақсы көре білу керек. Мен әлі де болса сүйікті кәсібімді жалғастырып, ұлтымыздың ұлы тәлімімен ұштасатын педагогикалық тәрбиені шәкірттеріме берсем деймін” – деген мақасатта еңбек жолын жалғауда.
Ұ.ТАЛАПБАЕВА
03 қазан 2020 ж. 995 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930