Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шұғыл жұмысшы топ отырысы өтті

Шұғыл жұмысшы топ отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен шұғыл жұмысшы топ отырысы өткізілді. Онда кеше кешкілік Әйтеке би кентіндегі жатақханадағы өрт оқиғасы қаралып, мамандардың пікірлері тыңдалды.

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғалым Сматуллаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәурен Тілеумбетов қатысты.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев қазіргі таңда өрттің шығу себебін анықтау үшін арнайы маман (эксперт) шақыртылғанын айтты.

Ал, аудандық тұрғын коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов төтенше жағдай кезінде зақым келген жерлерді қайта қалпына келтіру үшін қажетті шығындар есептелгенін жеткізді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өрттің шығу себебін анықтап, өрт оқиғасынан зардап шеккен отбасыға көмек көрсетуді тапсырды.

  "ҚАЗАЛЫ" ақпарат
14 маусым 2021 ж. 826 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 56

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031