Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағымызды ашатын бақша өнімдері

Бағымызды ашатын бақша өнімдері

Кеңестік кезеңде дәмі тіл үйірер Сыр қауынының атағы алты қырдан асқан еді. Тіпті, Бельгияның Брюсселіндегі халықаралық көрмеде қара күләбі алтын медаль иеленген. Бертін келе тоқырау жылдары сол дәстүрден жаңылып қалдық. Ал облыс әкімінің бастамасымен 2014 жылдан бері бау-бақша өнімдерін, соның ішінде қауын-қарбыз егуге ден қойылды. Өнімді егуден бастап тұтынушыға жеткізуге дейінгі аралықтағы барлық жұмыстарды үйлестіруге күш салынды. Ауылшаруашылығы кооперативтері құрылды, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды. Осындай қолдаудың оң нәтижесін бір ғана Қазалы ауданынан көруге болады.
Нақтыласақ, Қазалы қаласы мен 7 ауылдық округке 74,5 миллион теңгеге су айдайтын 8 насос алып берілген. Сондай-ақ, машина трактор паркіне 27 дана ауыл шаруашылығы техникалары бөлініп, керекті жабдықтармен қамтылыпты. Бір қуантарлығы, осы жағымды істер биылда жалғасын таппақ. Ел ағалары ауыл шаруашылығы құрылымдарына 117 миллион теңгені құрайтын 25 дана техника мен құрал-жабдықтар алуды жоспарлап отыр екен.
Өткен жылы ауданда Жер- ана төсін емген диқандар 1050 гектар жерге бақша дақылдарын егіп, 14538 тонна өнім алды. Сонымен қатар, Қазалы халыққы айды аспанға шығарып, Ресей еліне 552 тонна қауын-қарбыз экспорттады. Бұл сырт асқан санайғақ болса, ел ішіндегі Ақтөбе, Астана, Байқоңыр секілді қалалар мен Арал, Қармақшы секілді аудандарға да біздің өнімдер жеткізілді.
«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» демекші, биыл да халықтың бау-бақша егіп, несібесін молайтуға ынтасы ауып отыр.
Есет ТАБЫНБАЕВ
27 наурыз 2018 ж. 2 145 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 27

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930