Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Торем Хошеми» сортты күріші 150 гектар жерге егіледі

«Торем Хошеми» сортты күріші 150 гектар жерге егіледі

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында атқарылуға тиіс етіп айқын көрсетілген міндеттердің бірі – «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Осы міндетті іске асыру біздің аудан басшылығы үшін өте маңызды болмақ. Өйткені, біздің аудан ауылшаруашылығына негізделген аймақ.
Аудан басшысының мәлімдеуінше, бұл сала мемлекеттің қолдауымен жақсы дамып келе жатыр. Жыл ішінде салаға тартылған негізгі инвестиция көлемі 189 млн теңгені құраған. Есепті кезеңде 10,2 млрд теңге көлемінде өнім өндірілген. Өткен жылы салаға 1 млрд теңгеден астам субсидия төленген.
Былтыр 17 355 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Аудан дихандары басты дақыл күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім жинап, ел қамбасын 30 мың тоннадан астам Сыр маржанымен толтырды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. 2017 жылы 8240 тонна күріш Ресей, Украина, Тәжікстан елдеріне экспортталды. Биыл күрішті экспортқа шығару көлемін одан әрі арттыру дихандар алдынджағы тұрған үлкен міндет. Өткен жылы сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортты күріші 2 гектарға егілсе, биыл осы сортты күрішті 150 гектар жерге ұлғайтып егуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, өткен жылы 1050 гектар жерге бақша дақылдары егіліп, 14538 тонна өнім алынды. Алынған өнім көрші Арал, Қармақшы аудандары мен Ақтөбе, Астана, Байқоңыр қалаларына сатылды. Ресей еліне 552 тонна қауын-қарбыз жөнелтілді. Биыл да бау-бақша егісін жандандыру жұмыстары жалғаса бермек.
Бұл Мемлекет басшысының әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз керек деген тапсырмасына сәйкес келеді деп есептейді аудан басшысы М.Ергешбаев.
Жолдауда өндіруші, өңдеуші салаға жаңа технологиялар мен бизнес модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперацияға біріктіру қажеттігі көрсетілген. Өткен жылдар ішінде 38 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Оның ішінде 27-і мал шаруашылығы, 9-ы егін шаруашылығы, 1-і мал шаруашылығы мен мал өнімдерін өндіру және 1-і көкөніс өнімдерін өңдеу саласына бағытталған.
Соңғы екі жылда кооперативтер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 467 млн теңге, Өңірлік инвестициялық орталықтан 32 млн теңге қаржы алды.
Алдағы уақытта аудандағы агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту мақсатында және бұған дейін құрылған кооперативтер жұмыстары жандандырылып, өндірген өнім көлемі екі есе арттырылады. Сонымен бірге дайын өнімді ішкі нарыққа делдалсыз өткізу мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының толық қуатта жұмыс жасауы, өнім көлемін жыл сайын өсіруге тиісті жұмыстар жүргізілетін болады
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

02 ақпан 2018 ж. 1 517 1

Leonore от 29 мамыр 2025 17:45
Thanks! Helpful stuff! casino en ligne Wow quite a lot of beneficial material. casino en ligne This is nicely expressed. . casino en ligne Many thanks, I value it! meilleur casino en ligne Incredible a lot of amazing material! casino en ligne fiable Nicely put. Thanks. casino en ligne Thanks a lot! A lot of postings! casino en ligne Many thanks, A good amount of info! casino en ligne francais Nicely put, Many thanks. casino en ligne Fine data Kudos! meilleur casino en ligne

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031