Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 13 облысында өзендер арнасынан тасуы мүмкін

Қазақстанның 13 облысында өзендер арнасынан тасуы мүмкін

Қазақстанның 13 облысында кей өзендердің арналарынан тасу қаупіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасап.
26-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күннің жылынуына және кей жерлерде нөсер жаңбыр жауатыны туралы болжамға байланысты мұз жамылғысының бұзылуы, өзен арналарының тарылуы, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және шабындықтарға су жайылуы мүмкін. Бұл күндері облыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, кей жерлерде нөсер жауын жауады; тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с-ан асып жығылады. 26 наурызда Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын түсіп, кей жерлерде нөсер жауын жауады және ауа температурасының жоғарылауына байланысты жергілікті және баурайлы ағындардың қалыптасуы, су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. 26-30 Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында жоғары ауа температурасы сақталады және еріген қар суынан кей өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 26-27 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жылы ауа райы сақталып, қар еріп, ағын сулар пайда болуы мүмкін.
Жауын-шашын түсуіне байланысты жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 26-30 наурыз күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын жаууына байланысты жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 26 наурыз күні Сырдария (Қызылорда облысы аумағында) өзені ауа райының жылынуынан арнасынан тасуы мүмкін. 26-28 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында күннің жылынуы мен жауын-шашынның түсуіне байланысты кейбір тау өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мен жайылымдарға су жайылуы мүмкін.
26 наурыз 2018 ж. 1 197 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930