Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық көлік қажытты

Қоғамдық көлік қажытты

Қазіргі таңда аудан ішінде тұрақты түрде жолаушылар тасымалымен жеке кәсіпкер С.Айтжанов пен «Талап и К» және «Қазалы такси» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып келеді.
Атап айтқанда, ауданда барлығы – 29 тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары қызмет көрсетуде. Оның ішінде Әйтеке би кентіне қарасты 7 қалаішілік, 17 ауданішілік, 4 ауданаралық және 1 қалааралық маршрут бар. Бұл тасымалдаушылар бекітілген қозғалыс схемалары мен кестеге және жол жүру ақысының тарифіне сәйкес тиісті жұмыстарын жүзеге асырып келеді.
Алайда 2021 жылдың басынан бері кентішілік маршруттардың 25 данасы сатылып кетуіне байланысты қазіргі таңда маршруттардың жүру аралығына яғни интервалына үлкен әсер етуде.
Қазалы ауданы орталығында жолаушыларға қызмет көрсету және автокөлік қатынасын жақсарту мақсатында облыстық тізілімге енгізілген автосанциялар «Талап и К» және «Нұршуақ», «Қазалы Керуен» автовокзалы қызмет көрсетуде.
Сондай-ақ қоғамдық көлікте Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, І-топ пен ауған соғысы мүгедектеріне қоғамдық көліктерде тегін жүруі қарастырылған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес 7-15 жас аралығындағы балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының 50 процентін төлеп, жол жүру құжаттарын сатып алуға құқы бар.
Сонымен қатар көрші аудандармен байланыстырушы «Әйтеке би-Арал», «Әйтеке би-Төретам», «Әйтеке би-Қаратерең», «Әйтеке би-Қарашалаң» және «Қызылорда-Қазалы-Қызылорда» қалааралық маршрут қызмет көрсетуде. Осының нәтижесінде аудандағы 16 ауылдық округте 27 елді мекенмен және Қазалы қаласымен аудан орталығы арасында тұрақты көлік қатынасы орнатылып отыр.
– Жолаушы тасымалы саласында 2018 жылы өткізілген конкурс мерзімінің аяқталуына орай, осы жылдың шілде айында ауданішілік және кентішілік маршруттарға конкурс өткізуге хабарландыру берілген болатын. Дегенмен бірде бір тасымалдаушы түспеуіне байланысты тамыз айына қалдырылды, – дейді Қазалы ауданы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықов.
Конкурс барысында ауданішілік және кентішілік тұрақты маршруттарда жолаушылар тасымалдау жағдайы, жолаушылар легі, автокөліктер саны, маршруттар схемасына зерттеулер жүргізілген. Тұрғындар тарапынан осы кезеңге дейін жасалған кейбір ұсыныс пен өтініш-тілектер, жолаушылар маршрутының қозғалыс кестелері ескеріледі. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі мен зерттеулер негізінде конкурстық құжаттар жиынтығы әзірленді. Енді комиссия қарауына ұсынылып, бекітіледі.
Әлеуметтік мәні бар шалғайдағы елді-мекендерді аудан орталығымен байланыстыру үшін Шәкен-Әйтеке би, Ажар-Кәукей, Ақсуат-Әйтеке би, Сарбұлақ-Әйтеке би және Әйтеке би-Водакачка бағыттары бойынша аудандық бюджеттен субсидиялауға қаржысы қаралғандығы жайлы тиісті мамандар айтып отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
31 шілде 2021 ж. 1 036 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930