Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолаушы тасымалында жауапкершілік жоғары

Жолаушы тасымалында жауапкершілік жоғары

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында автомобиль арқылы жолаушы тасымалын жетілдіру және қауіпсіздік шараларын нығайтуға арналған жиын өтті. Басқосуға ауданға арнайы іссапармен келген жұмысшы топ мүшелері қатысып, автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдаудың қағида талаптарының қатаң сақталуын қамтасыз ету жөніндегі көлік заңнамасын кеңінен түсіндірді.

Алдымен жиырма жылдан бері жолаушы тасымалдаумен айналысып жүрген жеке кәсіпкер Ләйла Мамитанова бүгінгі таңдағы жолаушы тасымалы саласы бойынша қордаланған мәселелерді тілге тиек етіп, оны тез арада шешу жолдарын қарастыруды сұрады. Нақтырақ айтсақ, қалааралық жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпкерлердің бірқатары заң талаптарын сақтамай қызмет көрсетуге бейім. Мәселен жеңіл көлікті тізгіндеушілер белгіленген қашықтыққа жол жүретін болса, оны ауыстыратын жүргізуші жанында болуы керек. Ауданда тіркелген жеңіл көлік иелері бұл қағидаларды көбіне орындай бермейді. Осы және басқа да ережелерді сақтамағандықтан жол-көлік оқиғасы жиілеп, адам шығыны көбейіп кеткен.

Жиналғандар алдында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Самат Бекішев пен Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Марат Мамырбаев жолаушылар тасымалы мен такси қызметін ұсынушыларға арналған заңдылықтар, қауіпсіздік ережелері жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз кезегінде жиынға қатысқан аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Бақытжан Мырзабаев, «Қазалы Керуен» ЖШС-нің бас директоры Айтбай Көшербаев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әліби Әбиев күн тәртібіндегі мәселеге байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ жергілікті жолаушылар тасымалымен айналысатын «Талап и К», «Қазалы такси» ЖШС басшылары Мақсұт Сақтаған мен Еркін Оразаев, жеке кәсіпкер Сәлімжан Айтжанов жұмысшы топ мүшелеріне көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Аталған саладағы кем-кетіктердің орнын толтыру үшін орындалуы тиіс жұмыстар жөніндегі ұсыныстарын айтты.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
22 маусым 2019 ж. 2 494 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930