Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жыл басынан бері 589,7 мың жолаушы тасымалданды

Қызылордада жыл басынан бері 589,7 мың жолаушы тасымалданды

Kyzylorda-news.kz. Биыл аймағымызда темір жол көлігі арқылы 589,7 мың жолаушы тасымалданған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Әбсұлтанов баяндады.

Аймақ орталығынан 5 бағытқа жолаушылар пойызы ұйымдастырылса, облыс аумағынан жүретін пойыз саны 19 жұпты құрайды. Бүгінде 9 жұп пойызы коронавирус пандемиясына байланысты өз жұмыстарын уақытша тоқтатқан. Оның 7-і халықаралық, 1-облысаралық, 1-қаламаңы бағытына қатынайтындар. Облысаралық тұрақты маршруттардың уақытша тоқтатылуы жолаушылар ағымының төменгі көрсеткіш көрсетуіне әсер етуде. Дегенмен жыл басынан бері өңіріміздегі 8 темір жол вокзалы арқылы қалған бағыттағы көлік құралдары 600 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп, діттеген жеріне жеткізген.Сондай-ақ, өңірімізде 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 қоғамдық көлік бар. Олар аймақтағы 3 автовокзал және 8 автобекет арқылы қызметтерін жүзеге асыруда.

Айта кету керек, 1 тамыз – еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға септігі мол, экономикамыздың негізгі локомативі саналатын көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
30 шілде 2021 ж. 543 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 134

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 148

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 147

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031