Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе текке салынбайды

Екпе текке салынбайды

Дәл осы сәтте Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Оған өңірлердің барлығы дерлік қызыл аймақ қатарына қосылғаны дәлел. Індетке іркіліс жасау үшін билік халықты жаппай екпе алуға шақыруда. Өйткені шектеусіз кәсіпкерлік нысандар мен сауда орталықтарының жұмысы, сонымен қатар азаматтардың емін-еркін қозғалуы жағдайды одан әрі қиындатып жіберуі мүмкін. Мұны түсінген 5 миллионнан аса қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерді. Денсаулық сақтау министрлігі екпенің екінші дозасын алғандар 3 миллионға жақындағынын айтып сүйіншілеуде.
Енді бір айдан кейін балалар үшін жаңа оқу жылы басталады. Бірер апта бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушыларды дәстүрлі оқу форматына көшіруге дайындалуды тапсырғанын білеміз. Алайда оффлайн оқу үшін балаларды да ектіру мәселесі қаралып жатыр. Мұның вирустың таралуын тоқтатуда қаншалықты ұтымды шешім боларын уақыт көрсетеді. Әзірге аудандағы ауру аурасы жайын баяндап өтейік.
Жыл басынан бері Қазалы ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 298-ге жетті. Абырой болғанда былтырғыдай пик дәрежесіне жеткен жоқ. Дегенмен бұл індет жұқтырғандарға оңай болды деген сөз емес. Үш жүзге жуық адамның 17-сі емдеу мекемесінде, 43 науқас үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болды. Дұрыс күтім мен тиісті ем-домның арқасында 233 адамның инкубациялық қауіпі аяқталды. Яғни басқа адамға жұқтыру қаупіне тосқауыл қойылды. Бұған дейін мамандар коронавирустың созылмалы аурумен ауыратын азаматтардың бейнетін еселеп жіберетінін айтқан еді. Содан да болар, үш жерлесіміз бұрыннан бар негізгі диагноздан дүние салды.
Өткен жылы пневмония дерті осындағы талай азаматтың өмірін жалмағаны есте. Тіпті ауданаралық ауруханаға қарасты жұқпалы аурулар бөлімінде төсек орындары жетіспей, жұрт басқа қалалардан, шетелден жасанды тыныс алу аппараттарын іздеп кеткені жасырын емес. Сондағы аласапыран атқарушы билік өкілдері мен ақхалаттыларға сабақ болды ма, биыл науқастарға ем-дом көрсетуде пәлендей қиындық байқалмады. Бірақ осы жылдың бірінші жартыжылдығында 50-ге жуық адам пневмониямен сырқаттанып қалған. Оның 9-ы ауданаралық аурухананың коронавирусқа қарсы емдеу бөлімінде жатыр.
«Даудың басы – Дайрабайдың қызыл сиыры» дегендей мұның барлығы жұрттық сақтық шараларына мұрын шүйіре қарауынан орын алды десек артық айтқандық болмас. «Той – қазақтың қазынасы» деген тәмсілді көңілге жалау етіп, ғашығын қолына қондырып, жасырын той жасағандарды көптеп байқадық. Әсілі торқалы тойды «жасырын» жасады деген шындыққа жанаспайтын секілді. Бұл тұста жергілікті биліктің кей жағдайда бейқамдыққа салынып, «көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүрге» салғаны да ақиқат. Дегенмен мониторингтік топтар жыл ішінде карантин талаптарын сақтамаған 56 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік шара көріп, жалпы көлемі 8 миллионнан астам айыппұл салғанын айтпай кетуге болмас. Салыстыру үшін айта кетейік, былтыр сақтыққа селсоқ қараған 184 жеке және заңды тұлға 10 167 480 теңге айыппұл арқалаған.
Әлгінде ғана айтылған екпе алған 5 миллион адамның 23 мыңнан астамы қазалылық. Екпе елге келгелі 25055 препарат осында жеткілген. Аудан әкімдігі Қазалы тұрғындарының жартысына жуығы вакцинациялауға жатады деп санайды. Екпенің бірінші дозасын алғандар екіншісіне асығыстық танытпайтынын байқап отырмыз. Індеттен қорғаныстың қос дозасын 12648 азамат алған. Демек осынша қазалылықтың егілгені туралы паспорты бар. Мамандар әлі де болса препарат жеткілікті екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, дәрігерлер Қазалы қаласындағы «Шипагер» дәрігерлік амбулатория, «Болат жолы», «Жетес би» емханалары мен №249 мектеп-лицейінде тұрақты және ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаторияларға жеткізу арқылы көшпелі егу жұмыстарын жалғастырып келеді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

24 шілде 2021 ж. 511 0

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

26 желтоқсан 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031