Сырқат салғырттықты көтермейді

Әлеуметтік желідегі берілген ақпараттарға сенсек, елдің жағдайы өткен жылғыдай емес. Яғни қаражат та, материалдық ресурс та, азық-түлік пен техника да жеткілікті екен. Бұл пандемиядан жүрегі шайлыққан халықтың күпті көңіліне сенімділік ұялатары анық. Бастысы жауапкершілікті сезіну қажет. Сақтық шараларын жасап, бас амандығын ойлаған жөн.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, ауыр күнді еңсеру, қиындықты артта қалдыру баршамызға берілген үлкен міндет. Сондықтан қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып жеңуіміз қажет. Ең бастысы сындарлы сәтте сабыр сақтап, тәртіпке бағынайық!
Арғын ОРЫМБАЕВ,
Қазалы пайдалану вагон депосының бастығы