Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ashyq-тағы "қызыл" статус: карантинді бұзғаны үшін жаза қатаңдатылады

Ashyq-тағы "қызыл" статус: карантинді бұзғаны үшін жаза қатаңдатылады

Президент коронавируспен ауырса да, қоғамдық орындарға баратын қазақстандықтардың жауапсыздығы туралы айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вирус жұқтырғанын біле тұра, карантинді бұзатын адамдар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға арналған кеңес өткізді.
Президент ұжымдық иммунитетке қол жеткізбей, бизнес үшін санитарлық шектеулерді толығымен алып тастау мүмкін емес екенін атап өтті. Алайда пандемия жағдайында Ashyq жүйесі арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік берілді.
"Дегенмен соңғы уақытта қоғамдық орындарға баратын "қызыл" және "сары" статустағы адамдар, яғни вирус жұқтырғандар мен науқаспен байланыста болғандар саны өсіп барады. Бағдарлама оларды тіркеген бойда, жауапсыз азаматтар бірден басқа демалыс орындарын іздейді", - деді Тоқаев кеңесте.
Президент мұндай жауапсыз қазақстандықтар айыппұлдан қорықпайтынын, өйткені ешкім оларға айыппұл салмайтынын айтып ашуланды.
"Жүйеде ЖСН мен иммундық мәртебе бар емес пе. Мұндай жауапсыздық жазалануы керек. Карантиндік шектеулерді сақтамағаны үшін талаптарды қатаңдатуды тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Ashyq жүйесін кеңейту және оның жұмысын күн сайын бақылау маңызды екенін мәлімдеді.
"Кәсіпкерлік нысандарын Ashyq жобасына қосу ұзақ бюрократиялық процесс екені туралы ақпарат бар. Бұл жүйе операторы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы екеніне қарамастан", - деп жалғастырды президент.
19 шілде 2021 ж. 633 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 297

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031